Арық атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, Жаман адамға мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас, қондырса да ондырмас. Ілмектер: жаман, төрт түлік мал Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Арық атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, Жаман адамға мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас, қондырса да ондырмас.
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Жақсы болсаң, жердей бол, Бәрін шыдап, көтерген. Таза болсаң, судай бол, Бәрін жуып кетірген. жақсы, жаман
Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді. әйел, ерлі-зайыптылар
Күтімі жаман ағаштың Бітімі жаман. жаман
Жақсының жақсылығын айт, Мейірі тассын, Жаманның жамандығын айт, Құты қашсын. жақсы, жаман
Жаман атқа жал бітсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бітсе, Жанына қоңсы қондырмас. жан-жануар, төрт түлік мал
Жақсыдан жаман туады, Бір аяқ асқа алғысыз; Жаманнан жақсы туады, Адам айтса нанғысыз. жақсы жаман
Айдағаның бес ешкі, Ысқырығың жер жарады. жан-жануар, төрт түлік мал
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі