Еңбексіз өнбек жоқ. Ілмектер: еңбек Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Еңбексіз өнбек жоқ.
Білім алып құрасын, Еңбек етіп сұрасын. білім, еңбек
Еңбек ептілікті сүйеді. еңбек
Күшіңе сенбе, ісіңе сен. еңбек
Жылай-жылай арық қазсаң, Күле-күле су ішерсің. еңбек, су
Қолы қимылдаған адамға, Кедейлік жоқ. Аяғы қимылдаған адамға, Алыстық жоқ. еңбек, кедейлік
Азығымен жер мүсінді, Еңбегімен ер мүсінді. еңбек, ер
Еңбексіз өмір – сөнген көмір. еңбек
Күн шыққан соң суарған суды Күн жұтады, Күн батқан соң суарған суды Жер жұтады. еңбек
Еңбек қылмай ер оңбас, Бірлік қылмай ел оңбас. еңбек, бірлік
Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ. еңбек
Ер дәулеті — еңбек. ер, еңбек
Жалқаудың жаны тәтті, Еңбектің дәмі тәтті. жалқаулық, еңбек
Еңбек түбі - береке. еңбек, береке
Адал еңбек, алғыр ой - анық досың біліп қой. адал, еңбек
Еңбек ет те, мақтан, ойнап күл де, шаттан. еңбек
Еңбек - адамның екінші анасы. еңбек, ана
Ексең егін, Ішерсің тегін. еңбек, егін
Жүре-жүре арық қазсаң, Күле-күле су ішерсің. еңбек, су
Жер — ырыстың кіндігі, Еңбек — ырыстың қазығы. жер, ырыс
Су — ырыстың көзі, Еңбек — кірістің көзі. су, ырыс
Еңбегімен ер сыйлы, Өнбегімен жыр сыйлы. егіншілік, еңбек
Жер жарасты көрінер Өзені мен көлімен, Ел жарасты көрінер Еңбегі жанған ерімен. жер, ел
Түйір нан — Тамшы тер. еңбек, егіншілік
Жаңбыр жауса — жер тоқ, Егін ексе — ел тоқ. Бұлақ ақса — көл тоқ. Еңбек етсе — ер тоқ. жер, егін
Еңбек түбі — береке. Көптің түбі — мереке. еңбек
Бұл бетте қандай мақал-мәтелдер бар?
еңбек туралы мақал-мәтелдер берілген.
еңбек туралы мақал-мәтелдер тағы бар ма?
еңбек туралы басқа да мақал-мәтелдер бар.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі