Арық қазбасаң су келмейді.
Ілмектер: су, еңбек
Сараңға саңыраулық қонады,
Ілмектер: сараң
Есітсе де есітпеген болады.
Сөз ауыздан кірмейді,
Ілмектер: сөз, ауыз, құлақ
Құлақтан кіреді
Құлағың керең болса
Қаяқтан кіреді?
Жегенін білмейтін шұнай,
Ілмектер: білмеу
Жұтқанын білмейтін құмай,
Алғанын білмейтін құдай.
Тіршілік — түзетеді.
Ілмектер: тіршілік
Кергіген кері кетер,
Ілмектер: кесір
Кесірі түбіне жетер.
Жоқшылық — жүдетеді,
Ілмектер: жоқшылық
Бөз көйлекке — жібек жамау.
Таршылықтың тақсіретін тартысқан
Ілмектер: таршылық, кеңшілік
Кеңшілікте кейіспейді.
Құлақ есіткенді көз көреді.
Ілмектер: құлақ, көз, есту, көру
Барымтаны басынған алады,
Ілмектер: барымта
Иә, ашынған алады.
Сүймеске асылма,
Ілмектер: сүю
Арзымасқа шашылма.
Сынбайтұғын шөлмек жоқ,
Ілмектер: ажал
Ажал жетпей өлмек жоқ.
Құлан қайда семірсе,
Ілмектер: семіздік
Қан-жыны сонда төгілер.
Көзі қарайған там сүзер.
Ілмектер: көз, көрмеу
Тоты құс бойын көріп —
Ілмектер: қорлану, сылану
Сыланады,
Аяғын көріп —
Қорынады.
У ішкеннің іші білер.
Ілмектер: у
Біреу — арашашы
Ілмектер: араша, тамашалау
Біреу — тамашашы.
Ауыл үйдің қонағы,
Ілмектер: ауыл, қонақ
Айында-жылында бір келер.
Балаға —
Ілмектер: бала, ата, ана
Ата қорған, ана құрбан.
Өзім дегенге,
Ілмектер: өзім
Өзегімді суырып берем.
Жақыныңмен жауласқан
Ілмектер: жақын, жат, туыс
Жатқа мазақ болар.
Көп шайнаған
Ілмектер: көп
Қартаның дәмі болмас.
Балаң жақсы болса —
Ілмектер: бала, ат, әйел, жақсы
Екі көздің шырағы.
Атың жақсы болса —
Бұл дүниенің пырағы.
Алған жарың жақсы болса —
Абыройыңның тұрағы.
Арсыз болса — қыз қорлық,
Ілмектер: ар, ақыл, қыз, ұл
Ақылсыз болса — ұл қорлық.
Адам — тастан қатты,
Ілмектер: адам
Гүлден нәзік.
Дау мен жау — ерге сын,
Ілмектер: дау, жау, ел, ер
Көшіп-қонбақ — елге сын.
Отыз ұлың болса да
Ілмектер: ұл
Әрқайсысының орны басқа.
Отау үй оңаша келеді,
Ілмектер: отау, үй
Отындары тамаша келеді.
Ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара
Ілмектер: ұл, бала
Он бес жасқа дейін қосшыңдай сана,
Он бестен асқан соң досыңа бала.
Қайғының қандай екенін
Ілмектер: қайғы, қарындас
Қайғырғанда білерсің.
Қарындастың қандай екенін
Айырылғанда білерсің.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі