Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Тәтті-дәмді мың болар,
Денсаулық деген бір болар.

Ілмектер: денсаулық

Ұстағанша жүз дәрігерді қайдағы,
Тамағыңды шақтап ішкен пайдалы.

Ілмектер: дәрігер, тамақ, денсаулық

Білімнен қымбат досың жоқ,
Аурудан бетер қасың жоқ.

Ілмектер: білім, денсаулық

Тостағандай басымда
Тоғыз жара.
Жұдырықтай жүректе
Жеті жара.

Ілмектер: денсаулық

Жылан шаққан адам,
Ала арқаннан аттамайды.

Ілмектер: денсаулық

Өлсең көрің көң болсын,
Тіріде терің кең болсын.

Ілмектер: өлім, көр, тірі

Адам өмірге
Иықтап келеді,
Кетерінде «ұйықтап» кетеді.

Ілмектер: адам, өмір, өлім

Орта жолда атың өлмесін
Орта жолда қатының өлмесін.

Ілмектер: өлім

Басы жұмыр пенденің
Барар жері белгілі.

Ілмектер: денсаулық

Тер шықпаған кісіден,
Дерт шықпайды.

Ілмектер: дерт, денсаулық

Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Өлінің тілін тірі алмас.

Ілмектер: өлі, тірі

Айғыр аурудың емшісі алдынан шығар.

Ілмектер: денсаулық

Ұйқы — тынықтырады,
Жұмыс — шынықтырады.

Ілмектер: ұйқы, жұмыс, денсаулық

Қартайғанда тістен тынарсың,
Тістен тынсаң, іштен тынарсың.

Ілмектер: денсаулық

Сырқат тән жарасы,
Қайғы жан жарасы.

Ілмектер: денсаулық, қайғы

Біреудің ажалы оттан,
Біреудің ажалы судан.

Ілмектер: ажал

Алты қатын азаға келсе,
Әр қайсысы өз мұңын
Айтып жылайды.

Ілмектер: қатын, денсаулық

Жас жігіттің жарасы,
Жол-жөнекей жазылар.

Ілмектер: жігіт, денсаулық

Кесел батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.

Ілмектер: денсаулық