Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Жалғыз иттің
Үргені білінбейді,
Жалғыз жолаушының
Жүргені білінбейді.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық

Жалғыз ағашты жағу қиын,
Жалғыз баланы бағу қиын.

Ілмектер: жалғыз

Жұлдыз тумай ай болмас,
Жұрынды болмай бай болмас.

Ілмектер: жалғыздық

Тамшы ақса — қосың жаман,
Ақсақ болса — мосың жаман.

Ілмектер: жаман

Екі бас,
Екі басқа малта да ас.

Ілмектер: жалғыздық

Қағынған қарғыс алар,
Қарасқан алғыс алар.

Ілмектер: жалғыздық

Ағайын қадірін білмесең,
Жалғыздық берсін сазаңды.

Ілмектер: ағайын, жалғыздық

Жарлының жайын
Жарлы біледі,
Жарлы білмесе,
Сорлы біледі.

Ілмектер: жалғыздық

Жалғызға ұжмақ та жараспайды.

Ілмектер: жалғыз

Жалғыздың таңы атпас,
Жалғызға үйдің иті жатпас.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық

Бөлінген бүлінеді.

Ілмектер: жалғыздық

«Кедеймін» десең, көшіпкөр,
«Теңдеріңді» шешіп көр.

Ілмектер: кедей, кедейшілік

Жатқа жалшы жүргізген
Жарлылықтың салдары.
Жабағы-тай мінгізген
Жаяулықтың салдары.

Ілмектер: жалғыздық

Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес.

Ілмектер: жалғыздық, байлық

Жалғыздың қалі — мүшкіл,
Дәмі — қышқыл.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық

Азды аяған көптен құр қалар.

Ілмектер: жалғыздық

Бір де болса — бірегей
Сүт бетінде кілегей.

Ілмектер: жалғыздық

Сіз тұрыпсыз тікейіп,
Біз тұрыппыз тікейіп.
Жерге түскен қамшыны
Кім алады еңкейіп.

Ілмектер: тұру, алу

Аңқау аңдамайды,
Әңгі тыңдамайды.

Ілмектер: аңқау, әңгі, аңқаулық

Жалғыз батыр, жауға жоқ,
Жалғыз жігіт дауға жоқ.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық, жігіт, батыр