Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Таздың тарағы алтын,
Мергеннің садағы алтын.

Ілмектер: денсаулық, алтын

Соқырдың қолына түспе,
Саңыраудың астына түспе.

Ілмектер: денсаулық

Қотырды қаси берсең қаны шығар.
Киізді қаға берсең шаңы шығар.

Ілмектер: денсаулық

Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.

Ілмектер: күлкі, көңіл

Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай-сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.

Ілмектер: уайым, денсаулық

Дәрі шөптен шығады,
Дана көптен шығады.

Ілмектер: дана, дәрі, денсаулық

Ауру аяқ астында,
Арылу жиде басында.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Жаны ашымастың қасында
Басың ауырмасын.

Ілмектер: денсаулық

Күрек тісің сынса,
Күлкің бұзылады.

Ілмектер: күлкі, денсаулық

Көп ауырған ем табады,
Көп адасқан ел табады.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Қара көзден нұр тайса,
Айналаң қара түн болар.
Екі аяқтан әл кетсе
Қарға адым жер мұң болар.

Ілмектер: денсаулық

Ауру азығымен,
Тоқпақ қазығымен.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Ұйқы арыстанды да жығады.

Ілмектер: ұйқы

Кебін кигеннен түңіл,
Кебенек кигеннен түңілме.

Ілмектер: өмір, түңілу

Өлім — ойран,
Өмір — майдан.

Ілмектер: өлім, өмір

Ұшқын — өртке сеп,
Достық — дертке сеп.

Ілмектер: достық

Қайғы — қартайтады,
Қуаныш — марқайтады.

Ілмектер: денсаулық, қайғы

Өлген — моладан қорықпайды.

Ілмектер: өлім, қорқу, мола, денсаулық

Арақ түбі — дерт,
Ұшқын түбі — өрт.

Ілмектер: денсаулық, арақ, өрт

Тіс бүлінді дегенше
Іш бүлінді десеңші,
Іш бүлінді дегенше,
Іс бүлінді десеңші.

Ілмектер: денсаулық