Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Мал басқа бітеді,
Қына тасқа бітеді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Малдың аласы сыртында,
Адамның аласы ішінде.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Жайылым тапса,
Мал семіреді.
Қайырым тапса,
Жан семіреді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Мал азығы — ырыс қызығы.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ырыс

Сұлу аттың көркі — жал,
Адамзаттың көркі —мал.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Көп ұстаған қамшыға
Қол үйреніп қалады.
Көп мал баққан малшыға
Мал үйреніп қалады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Ер елге қарап өсер,
Мал төлге қарап өсер.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Мал аралаған — малшы,
Торғай аралаған — аңшы.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Сауыны аздың жазы қысқа.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Құрақсыз көлдің сәні жоқ,
Тұяқсыз малдың сәні жоқ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Малдың белшеден бейнеті де бар,
Көрсетер зейнеті де бар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Қорасында айыры жоқтың
Малға қайыры жоқ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Бар малына сенеді,
Жоқ қарнына сенеді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Сауып отырған малы бар
Тоқтық көрмесе де,
Жоқтық көрмейді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Ақсақ алсаң, сау туар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Ұры болмаса — бөрінікі.
Иесіз мал — ұрынікі.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ұры

Мал мекенін іздейді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Кендірмен байлама,
Жыңғылмен айдама,
Кендірмен байласаң,
Жыңғылмен айдасаң,
Мал бітер деп ойлама.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Малдың қонысын тапқан —
Шөптің сонысын тапқан.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Шаруа
Жазда жазылады,
Қыста қысылады.

Ілмектер: шаруа, қыс, жаз