Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Жер — ырыстың кіндігі,
Еңбек — ырыстың қазығы.

Ілмектер: жер, ырыс, еңбек

Көп жүрген жер — көл,
Құм жүрген жер — шөл.

Ілмектер: жер, көл, көпшілік

Орманшы отынға жарымайды.

Ілмектер: орманшы

Жатқан тастың астына су бармайды.

Ілмектер: су

Қатты күркіреген күн
Тез ашылады.
Қатты ашуланған адам
Тез басылады.

Ілмектер: күн, ашу, адам

Тауға сүйенген,
Таудай бәледен аман қалады.

Ілмектер: тау, бәле

Жердің көркі:
Орман, тоғай, бұлағы,
Елдің көркі:
Қала, қыстақ тұрағы.

Ілмектер: жер, ел, көрік

Масақтың — дәні тәтті.

Ілмектер: егіншілік

Тәжірибелі егінші
Еліменен кеңесер,
Ел кеңесі аз десе,
Жеріменен кеңесер.

Ілмектер: егіншілік

Еменнен қатты ағаш жоқ,
Көп жатса жерде дерт ілер.
Болаттан қатты темір жоқ,
Тасқа салса кертілер.

Ілмектер: ағаш, өсімдік, темір, болат

Тары жеген — тарықпас.

Ілмектер: егіншілік

Ақ қар көп болса — ақ нан көп.

Ілмектер: жыл мезгілдері, егіншілік

Жаз келді,
Үйрек ұшып, қаз келді.

Ілмектер: жыл мезгілдері, жаз

Жауынгер сапта ойнасын,
Ағын су жапта ойнасын.

Ілмектер: жауынгер, су

Қыс қарлата,
Дауылдата келсе,
Көктем көлдете,
Жауындата келеді.

Ілмектер: жыл мезгілдері, қыс, көктем

Жақсы мұраптың
Соңынан су ереді.
Жаман мұраптың
Соңынан шу ереді.

Ілмектер: егіншілік

Етікшіні
Балға мен біз асырайды.
Егіншіні
Кетпеннің жүзі асырайды.

Ілмектер: егіншілік, егінші, етікші

Жазда шөпті жинасаң,
Қыста мал азығы
Жазда сөкті жинасаң,
Қыста бала азығы.

Ілмектер: егіншілік, жаз, қыс, азық

Суы бардың — буы бар.

Ілмектер: су

Жаман сайдың суы тасыса
Өткел бермес.

Ілмектер: су