Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Елім бай болсын десең,
Жеріңнің бабын тап.
Ерім сай болсын десең,
Еліңнің бабын тап.

Ілмектер: ер, жер

Су патшасы — мұрап,
Түн патшасы — шырақ.

Ілмектер: су

Бағбан жемісті ағашын айтар,
Мұрап суының сағасын айтар.
Шопан өсірген қойын айтар.
Өлеңші өлең айтқан тойын айтар.
Ұста соққан тамын айтар.
Диқан шығымды егінінің бабын айтар.

Ілмектер: егіншілік, мамандар

Қысың қарлы болса —
Жер семіз.
Көктемің жаңбырлы болса —
Дән егіз.

Ілмектер: қыс, көктем, жер, егіншілік

Ана көркі —
Алдындағы баласы.
Қалакөркі —
Үйі, орман, ағашы.

Ілмектер: ана, бала, қала

Бақыт бесігі — ел,
Ырыс есігі — жер.

Ілмектер: ел, ырыс, жер

Диқан нанын жейді.
Жалқау арын жейді.

Ілмектер: егіншілік, жалқау, ар

Тайпақ сай — тасқалақ,
Сабырсыз жігіт — сасқалақ.

Ілмектер: жігіт, сабырсыздық

Шегірткелер егін жер,
Екпей-сеппей тегін жер.

Ілмектер: егін, егіншілік

Тұт ағаштың тұтын же,
Тұтын жесең, күтіп же!

Ілмектер: ағаш

Сортаң жерге шөп шықпас,
Шөп шықса да, көп шықпас.

Ілмектер: жер, егіншілік

Елдің даңқын қонағы шығарар,
Жердің даңқын бұлағы шығарар.

Ілмектер: даңқ, қонақ

Құмнан құдық қазсаң,
Шегенде.
Қозым жатсын десең,
Көгенде.

Ілмектер: құдық

Қысына қарай көктемі,
Диқанына қарай кетпені.

Ілмектер: көктем, диқан, егіншілік

Сүмбіле туса, су суыр,
Таразы туса, таң суыр.

Ілмектер: су

Қарбыз, қауын — екі-үш ай сауын.

Ілмектер: егіншілік

Балықшының байлығы
Етек, жеңі кепкенше.
Егіншінің байлығы
Ендігі жыл жеткенше.

Ілмектер: егінші, балықшы

Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.

Ілмектер: гүл, жер

Шашпа бекер барыңды,
Таусылса өзім табам деп.
Іркіп ұста малыңды,
Сенбе елден алам деп.

Ілмектер: үнемдеу, шашу

Тамыры терең теректер
Тамызда да қуармас.
Тамыры көп жігітті
Ешкім батып қузамас.

Ілмектер: жігіт, терек