Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Күн сіркіресе —
Көк дүркірейді.

Ілмектер: күн

Жемес жерде от бар.
Ішпес жерде су бар.

Ілмектер: су

От орнында күл қалады,
Су орнында гүл қалады.

Ілмектер: су

Су кетсе, тас қалады
Сүрме кетсе, қас қалады.

Ілмектер: су

Жақсы жер — жан тынысы.
Жақсы өнер — жігіт ырысы.

Ілмектер: жер, өнер, жігіт

Орақшы — бір кісі,
Комбайн мың кісі.

Ілмектер: егіншілік

Су бергеннің — сауабы бар.
Су төккеннің жауабы бар.

Ілмектер: су

Түйір нан —
Тамшы тер.

Ілмектер: еңбек, егіншілік

Бабын тапсаң — байлық жерде.
Береке, салтанат елде.

Ілмектер: жер, береке, егіншілік

Өзен ұзақ ағады
Бұлағы болса басында.
Іздеген бақыт табады
Жалықпаса жасында.

Ілмектер: бақыт

Гүл жайнамай
Бұлбұл сайрамайды.

Ілмектер: гүл, бұлбұл

Мал саусаң — сүт,
Жер саусаң — құт.

Ілмектер: мал, жер

Жер жарасты көрінер
Өзені мен көлімен,
Ел жарасты көрінер
Еңбегі жанған ерімен.

Ілмектер: жер, ел, еңбек

Ормансыз жер — жалаңаш.
Армансыз ер — жалаңаш.

Ілмектер: жер, ер, жалаңаш

Егін ексең —
Шығырыңды майла.
Мал өсірсең —
Қонысыңды сайла.

Ілмектер: егін, егіншілік

Егін ексең — ебін тап,
Ебін тапсаң — жерін тап.

Ілмектер: егін, егіншілік

Бозторғай момынсып жүріп
Бір мойын тарыны тауысады.

Ілмектер: егіншілік, момын

Қу ағашқа ну ағаш — сүйеу.

Ілмектер: ағаш

Қалың ағаштың
Қисығы болмайды.

Ілмектер: ағаш

Жермен келген — жермен кетеді.
Желмен келген — желмен кетеді.

Ілмектер: жер, жел, егіншілік