Мал саусаң — сүт, Жер саусаң — құт. Ілмектер: мал, жер Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Мал саусаң — сүт, Жер саусаң — құт.
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. батыр, ырыс
Жаман атқа жал бітсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бітсе, Жанына қоңсы қондырмас. жан-жануар, төрт түлік мал
Айдағаның бес ешкі, Ысқырығың жер жарады. жан-жануар, төрт түлік мал
Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан, Төрт аяғын тең басқан — Түйе деген жануар. жан-жануар, төрт түлік мал
Орта жүзді қамшы беріп дауға қой, Ұлы жүзді қауға беріп малға қой, Кіші жүзді найза беріп жауға қой. жүз, орта жүз
Атың барда – жер таны желіп жүріп, Асың барда – ел таны беріп жүріп. ас, төрт түлік мал
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас отан, туған жер
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі