Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Рахат түбі — кейіс,
Бейнет түбі — кеңіс.

Ілмектер: еңбек

Еңбек етсең — емерсің.

Ілмектер: еңбек

Бейнет,
Бейнет түбі — зейнет.

Ілмектер: еңбек

Еңбек түбі — береке.
Көптің түбі — мереке.

Ілмектер: еңбек

Жұпары жоқ гүлден без,
Жұғары жоқ тілден без.

Ілмектер: гүл, тіл

Кімнің қайығына мінсең,
Соның ескегін есерсің.

Ілмектер: қайық

Жаңа шыққан күнді көрген
Бір ғанибет.
Жаңа ашылған гүлді көрген
Бір ғанибет.

Ілмектер: күн, ғанибет, гүл

Жел дауыл шақырады,
Бұлт жауын шақырады.

Ілмектер: жел, дауыл

Арқа сүйер елің болсын,
Аунап жатар жерің болсын.
Алысып ойнар теңің болсын,
Сүңгіп бойлар көлің болсын.

Ілмектер: ел, жер

Қос қадірін жеккен білер,
Жер қадірін еккен білер.

Ілмектер: егіншілік, жер

Жерінен айрылған жиде
Желге ұшар.

Ілмектер: жер

Арық бар жерде су бар.
Су бар жерде ну бар
Тау бұлағымен сүйкімді,
Бұлақ құрағымен сүйкімді.

Ілмектер: су

Су аяғы — құрдым.

Ілмектер: су

Орманды жерде отын көп,
Шеңгелді жерде қотыр көп.

Ілмектер: орман

Көктен жауын жауады,
Шөптен жұпар тамады.

Ілмектер: көк, шөп

Диқан бабаның —
Кетпенінен.
Шопан атаның —
Таяғынан.

Ілмектер: егіншілік

Елдің көркі — жастық,
Жердің көркі — астық.

Ілмектер: ел, жер

Су бар жерде ырыс бар:
Ұстап балық жейсің,
Ақ бидай егіп, нанын жейсің.

Ілмектер: су, ырыс

Егінші еселеп,
Кеусенші кеселеп алады.

Ілмектер: егінші, егіншілік

Қара жер қарыз арқаламайды.

Ілмектер: егіншілік, қарыз