Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Еңбексіз тапқан мал
Есепсіз кетер.

Ілмектер: еңбек

Еңбегі ештің
Күні — кеш.

Ілмектер: еңбек

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Ілмектер: еңбек

Екі жалқау — елге сыймас.

Ілмектер: жалқау

Өзі ірі, еті тірі, жаны сірі —
Жұмыстың пірі.

Ілмектер: жұмыс, еңбек

Еңбексіз — өмір тұл.
Ойсыз — көңіл тұл.

Ілмектер: еңбек

Жұмыс қылып бой түзе.
Өнер қуып ой түзе.

Ілмектер: жұмыс, өнер

Жақсы жұмыстан
Жан рахат алады.
Жаман жұмыстан,
Көңіл қалады.

Ілмектер: жұмыс, жақсы, жаман, көңіл, еңбек

Біткен іс — піскен жеміс.

Ілмектер: іс, еңбек

Жұмыла істеген іс жеңіл.

Ілмектер: іс, еңбек

Жақсы сөз — жан азығы.
Жақсы еңбек — ырыс қазығы.

Ілмектер: жақсы, еңбек, ырыс

Күншілдің
Күні кеш,
Еңбегі еш.

Ілмектер: еңбек

Жаман іс жоқ.

Ілмектер: жаман, іс

Күшің барда, істе!
Тісің барда, тісте!

Ілмектер: күш, еңбек

Еңбегіне қарай табысы.
Ерлігіне қарай дабысы.

Ілмектер: еңбек

Еңбек істегеннің еті «ауырады»,
Жаны сауығады.

Ілмектер: еңбек

Жарлы білегіне сенеді
Жігіт жүрегіне сенеді.

Ілмектер: жігіт

Оң қолым, сол қолым,
Екеуі де өз қолым.

Ілмектер: еңбек, қол

Қолыма жұмыс бергенің —
Жаныма тыныс бергенің.

Ілмектер: жұмыс, тыныс, еңбек

Сүйіп істеген іс —
Шаршатпайды.

Ілмектер: іс, еңбек