Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар.

Ілмектер: қарт, кемпір, кәрілік, жұрт

Қатарынан қалған кәрі жетім.

Ілмектер: жетім, кәрі, кәрілік, қарттық

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Ілмектер: су, кәрі, жас, кәрілік

Аға – бор,
Іні – тас.

Ілмектер: аға, іні

Сексен – жермен жексен.

Ілмектер: қарттық, кәрілік

Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.

Ілмектер: ата, ана

Көп жасаған
Құрдасынан айрылады.
Жұғымы жоқ –
Жолдасынан айрылады.

Ілмектер: қарттық, кәрілік, жолдас

Сақалға ақ түсті –
Көңілге дақ түсті.

Ілмектер: қарттық, кәрілік

Ат қартайса – ұрыншақ,
Ер қартайса – жаңылшақ.

Ілмектер: қарттық, ер

Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.

Ілмектер: жас, қарттық, кәрілік

Кәрі жатса – қунайды,
Жас жүрсе – қунайды.

Ілмектер: кәрілік, қарттық

Асырын асаған,
Жасырын жасаған.

Ілмектер: қарттық, кәрілік

Өмір қартайса да,
Көңіл қартаймайды.

Ілмектер: өмір, қарттық

Өсетін елдің қарты
Қазына болар.
Өспейтін елдің қарты
Қазымыр болар.

Ілмектер: қарт, қария

Шөп те басынан қурайды.

Ілмектер: кәрілік

Есік алдында төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.

Ілмектер: қарттық, қария

Сексенде сегіз байлық,
Сегіз жарлылық.

Ілмектер: қарттық, кәрілік

Отырса — от басында
Көшсе — көш басында.

Ілмектер: қарттық

Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай,
Жаман адам қартайса,
Бықсып жанған оттай.

Ілмектер: жаман, жақсы, қарттық

Кәрінің бары — игі.

Ілмектер: кәрі, қария