Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Ағайынға кәдірім жоқ,
Бетімді көреді,
Әйеліме кәдірім жоқ,
Етімді көреді.

Ілмектер: ағайын, туыс, әйел

Айтысқан ауыл болмас,
Болыспаған бауыр болмас.

Ілмектер: ауыл, бауыр, туған, туыс

Ауыл аймағымен,
Бота тайлағымен.

Ілмектер: ауыл

Ұялмаған бұйырмағанды ішеді.

Ілмектер: ұят, қонақ

Алдыңа ас қойдым,
Екі қолыңды бос қойдым.

Ілмектер: ас, қонақ

Жаяу қонақ, жайласып ұйықтайды.

Ілмектер: қонақ

Асты сұрап бергенше, сабап бер.

Ілмектер: ас

Дастарқанда нан жоқ —
Тамақта мән жоқ.

Ілмектер: дастарқан, нан, тамақ

Қонаққа қозы сойса, қозы өледі,
Қозы соймаса, өзі өледі.

Ілмектер: қонақ

Қонақ қолын тигізбеген ас арам.

Ілмектер: қонақ, ас, арам

Ауылын көріп,
Азаматын таны.

Ілмектер: ауыл, азамат

Туғаныңмен туыспасаң
Кең дүниеге сыйыспайсың.

Ілмектер: туған, туыс

Тауда туып, таста өскен,
Ағайыннан басқа өскен.

Ілмектер: туған, туысқан, туыс

Жақыннан жаман жат жоқ.

Ілмектер: туған, туыс, жат, жаман

Қонақ келсе, ет қызарар,
Ет қызармаса, бет қызарар.

Ілмектер: қонақ

Қолды жуып тұрып,
Құр қалғаннан сақта.

Ілмектер: туыс, туған

Шайнаған бұйырған емес,
Жұтқан бұйырған.

Ілмектер: бұйырған

Не еріншек өлер,
Не келіншек өлер.

Ілмектер: еріншек, келіншек

Күбі де май,
Күбінің түбі де май.

Ілмектер: күбі, май

Тату үйдің
Табағы салдырламайды.

Ілмектер: үй