Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Ардагер аға алдыңда тұрсын,
Әдепті іні артыңда тұрсын.

Ілмектер: туған, ағайын, туыс

Қуыс үйден құр шықпа.

Ілмектер: үй, қонақ

Сыпайының үстінде шаң тұрмас
Сақының көгенінде мал тұрмас.

Ілмектер: сыпайы, қонақ

Түтін шыққан үй — жылы,
Төскейлей шыққан күн жылы.

Ілмектер: үй

Бір ауылда мың туысың болғанша,
Әр ауылда бір туысың болсын.

Ілмектер: ауыл, туыс, ағайын

Үйден ұзап шықпасаң
Қатынға қадірің болмайды.
Ауылдан ұзап шықпасаң
Жақынға қадірің болмайды.

Ілмектер: үй, қатын, ауыл, жақын

Түскенше қонақ ұялар,
Түскен соң қонақ иесі ұялар.

Ілмектер: қонақ

Ескі көшеде
Ежелгі көршілер тұрады.

Ілмектер: көше, көрші

Алты малта ас болмас,
Өзіңнен туған жат болмас.

Ілмектер: жат. туған

Барға — береке.

Ілмектер: береке

Қожасына қарай — үйі,
Қонағына қарай — сыйы.

Ілмектер: қонақ

Біреудің жанбасын жесең
Өзіңнің ұшаңды сайла.

Ілмектер: қонақ

Келіні жақсы үйдің —
Керегесі алтын.

Ілмектер: келін

Жақыныңды жат етсең
Жатқа күлкі боласың.

Ілмектер: ағайын, туыс, туған, жат

Ағайыныңды іске шақырма
Асқа шақыр.

Ілмектер: ағайын, іс, ас

Қолының ебі бардың —
Көршілеріне себі бар.

Ілмектер: көрші

Қонақ иесі мейірлі отырса,
Қонақ көңілді отырады.

Ілмектер: қонақ

Үй болған соң,
Белбау да керек,
Желбау да керек.

Ілмектер: үй

Той шашуымен қызық.

Ілмектер: той, шашу

Үйіңе қонақ келсін,
Алыстан сұрап келсін.

Ілмектер: үй, қонақ