Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Әкең өлсе өлсін,
Әкеңді көрген өлмесін.

Ілмектер: әке

Ата баласы
Азарыңда асық ойнайды.

Ілмектер: ата, бала, асық

Ілгері басатын жасты
Кері тартқан кәрі қайтарады.

Ілмектер: жас, кәрі

Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.

Ілмектер: ата

Ата баласының
Ат меңіндей белгісі болады.

Ілмектер: ата, бала

Балапанды торғайлар
Өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар
Дерт қонбасын тілейді.

Ілмектер: балапан, ана, бала, дерт

Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.

Ілмектер: ана, сүт

Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!

Ілмектер: ана, төрт түлік мал, сөз

Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.

Ілмектер: ана, бала, ой

Ананың сүйген жері:
Отқа күймейді,
Оқ та тимейді.

Ілмектер: ана

Көне киім жаңаны сақтайды,
Кәрі кемпір баланы сақтайды.

Ілмектер: киім, кәрі, кемпір, бала

Бала тентек болатыны — үйінен,
Ердің тентек болатыны — биінен.

Ілмектер: бала, ер, тентек, үй

Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?

Ілмектер: ана, ашу, дос, қас, ас, жас

Ана алақанының аясы —
Ақ шынардың саясы.

Ілмектер: ана, алақан

Ақ жаулығы ананың —
Ақ көрпесі баланың.

Ілмектер: ана, бала

Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.

Ілмектер: ата-ана, ана, мейірім

Өз кемеріңнен шыққан баланы
Бал сүтіңмен бағарсың.
Бал сүтіңмен бақпасаң,
Кәйтіп көңілін табарсың?!

Ілмектер: бала, бал

Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.

Ілмектер: бала, бесік, ана

Ананың алды — ақ жайлау.

Ілмектер: ана, бала

Мылқаудың тіліне анасы түсінеді.

Ілмектер: ана, бала