Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Бала —
Ананың бауыр еті, көз нұры.

Ілмектер: бала, ана

Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.

Ілмектер: мал, бала

Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.

Ілмектер: ата-ана, бала, ағайын, туыс

Торғай
Жаңбыр жауса,
Баласын қорғайды;
Бұршақ жауса,
Басын қорғайды.

Ілмектер: құс, бала, жаңбыр

Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.

Ілмектер: ата-ана, бала, келін

Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.

Ілмектер: ата-ана, ана, ауру

Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.

Ілмектер: ата-ана, бала, ата

Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

Ілмектер: ата-ана, ана, бала

Анасын сүйгеннің
Баласын сүй.

Ілмектер: ана, бала

Көңілдінің үйінде
Күнде мейрам, күнде той.

Ілмектер: той

Тойға барсаң, бұрын бар,
Бұрын барсаң, орын бар.

Ілмектер: той

Шақырусыз тойға барғанша,
Шарығыңды ки де, қойға бар.

Ілмектер: той

Аты, тоны сай кісі,
Жиын, тойға барысар,
Ұлы, қызы бар кісі,
Құдалыққа барысар.

Ілмектер: той, құдалық

Асқа барсаң — аш бар,
Тойға барсаң — тоқ бар,
Той қызығы — көкпар.

Ілмектер: той

Той сылтауымен тон бітті.

Ілмектер: той

Тойда тоныңды сұрама.

Ілмектер: той

Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.

Ілмектер: той, өлең

Таз таранғанша,
Той тарқайды.

Ілмектер: той

Тойға барсаң, тойып бар,
Бар жұмысты қойып бар.

Ілмектер: той, думан

Қайыптан тапқан алтыннан
Ақсақал берген бата артық
Қайыры жоқ жақыннан
Жаны жақсы жат артық.

Ілмектер: алтын, жат, туған, туыс, ағайын