Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Ақылы елден артылған,
Ақылық болса, бір мақтан.
Жұрттығы жұрттан артылған
Жақының болса, бір мақтан.

Ілмектер: туған, туыс, жақын, мақтан, ағайын

Сараңның қолы қалтырауық.

Ілмектер: сараң, сараңдық

Ұялмас бетке,
Талмас жақ береді.

Ілмектер: ұят

Ерінбеген, елекпен су ішеді.

Ілмектер: су, ерінбеген

Балықшының үйіне қонсаң,
Қарма жерсің.
Тарышының үйіне қонсаң,
Жарма жерсің.

Ілмектер: тамақ, ас, қонақ

Өткелім саяз деме,
Таяғыңды салып бойлат.
Ісім мақұл деме
Ағайынға салып, ойлат.

Ілмектер: ағайын, туған, туыс

Жұт — жетеу, содырмен сегіз,
Салақпен — тоғыз, олақпен — он.

Ілмектер: жұт

Өзі қаңбақ болсын,
Онда қандай салмақ болсын?!

Ілмектер: қаңбақ, салмақ

Дәуден үлкен көп екен,
Дәмнен үлкен жоқ екен.

Ілмектер: дәм, ас, тамақ

Төркіні тентек келіннің
Тілі ұзын
Төркіні момын келіннің
Жібі ұзын.

Ілмектер: төркін, келін, туған, туыс

Алғанға бар,
Бергенге жоқ.

Ілмектер: қонақ

Жетіскен жеті көсеумен көсейді.

Ілмектер: қонақ

Табақ тартқан
Тамақ сұрамайды.

Ілмектер: тамақ, қонақ

Алтыда тісім түсті,
Алпыста ағайынға ісім түсті.

Ілмектер: ағайын, туыс, туған

Шаш — бастың көркі
Тұз — астың көркі.

Ілмектер: тұз, ас

Инең болса — иінің бүтін.

Ілмектер: ине

Қадіріңді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.

Ілмектер: қадір, көрші, қарыз

Бас — бөріктің қалыбы.

Ілмектер: бас, бөрік

Қазанға түскен
Қапқа түспейді.

Ілмектер: қазан

Сыныққа — сылтау,
Кереңге — мылқау.

Ілмектер: сылтау