Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Өз ауылымның түтіні түзу шықсын.

Ілмектер: ауыл

Құм үстінде ине сабақтама,
Түсіп кетсе, табылмас.
Қонар үйді бір күнде адақтама
Қоналқы ертең табылмас.

Ілмектер: қонақ, үй

Тойлы ауылда тойлап тоймаған,
Ойнап тояды.

Ілмектер: той, ауыл, ойын

Сыйласайық,
Сырласайық, сыбайлас!
Сыйлы көңіл,
Сыршыл көңіл мұңаймас.

Ілмектер: сыйластық, туыс, ағайын

Күншіл сорлы көре алмай өледі,
Сараң сорлы бере алмай өледі.

Ілмектер: күншіл, сараң, сараңдық

Жақсы да болса — өз үйім,
Жаман да болса — өз үйім,
Кең сарайдай боз үйім.

Ілмектер: үй

Тұзсыз тамақ піссе де,
Тұздықсыз тамақ піспейді.

Ілмектер: ас, тамақ, тұз

Ағайын бір өліде,
Бір тіріде керек.

Ілмектер: ағайын, туыс

Әділ айтсаң,
Ағайынға жақпайсың,
Әзіл айтсаң,
Маңайыңа жақпайсың.

Ілмектер: әділ, әзіл, ағайын

Бедері жоқ қамқадан,
Бек тоқыған бөз жақсы,
Бейкемі жоқ туғаннан
Бек сөйлескен сөз жақсы.

Ілмектер: туыс, ағайын

Отты үрлей берсең, өшіресің,
Көршіні күндей берсең, көшіресің.

Ілмектер: көрші

Ағайынның аразы болса да,
Азары болмайды.

Ілмектер: ағайын, туыс

Қойыннан төгілген— қонышқа.

Ілмектер: ағайын, туыс

Ауыздың қайда екенін қол біледі,
Ауылдың қайда екенін жол біледі

Ілмектер: ауыл, жол

Өзі қонақ болып көрмеген,
Қонақты сыйлай да білмейді.

Ілмектер: қонақ

Сараңның салғанын қазаны жейді,
Қалғанын қонағы жейді.

Ілмектер: қонақ, сараң

Иесіз үйдің оты жанбайды.
Қонақ қазанға бір қарайды,
Қожасының қабағына екі қарайды.

Ілмектер: қонақ

Қонақ келсе — құт,
Қарақшы келсе — жұт.

Ілмектер: қонақ, құт

Бір тойда екі жар жоқ.

Ілмектер: той

Қонымды киіміңді өзің ки,
Айналып қарасын көргендер,
Тәтті тамағыңды қонағыңа бер,
Айта жүрсін жегендер.

Ілмектер: қонақ