Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Салулы ауызға ас тиер,
Сабырсыз ауызға ас тиер.

Ілмектер: ас, тамақ, қонақ

Ауылдас,
Ауылдаспен қауымдас.

Ілмектер: ауыл, таныс

Үйінде не барын,
Көршіңнен сұра.

Ілмектер: көрші

Көрші көршімен
Базарда көрісер.

Ілмектер: көрші

Бір көрген — біліс,
Екі көрген — таныс.

Ілмектер: туған, ағайын, таныс

Берген қарыз — бедел өсіреді
Қайтқан қарыз — мерей өсіреді.

Ілмектер: қарыз

Қарызды берген батыр емес,
Алған батыр.

Ілмектер: қарыз

От басында ұйтқы болмаса,
Үй ішінде түрткі түлейді.

Ілмектер: үй, туған, туыс

Бірге тумақ бар да,
Бірге өлмек жоқ.

Ілмектер: туған, ағайын, туыс

Төрдегі күлсе,
Есіктегі ыржияды.

Ілмектер: қонақ

Қазанына қарай шөміші,
Ағашына қарай жемісі.

Ілмектер: ағайын, туыс

Жақында да, жақын бар,
Жақынға бергісіз жатың бар.

Ілмектер: ағайын, жат, туыс

Адассаң, руыңмен адас.

Ілмектер: туған, туыс, ағайын

«Арық» деген жаман тай,
Жазға ілінсе — ат болар.
Бастан бақ, қолдан мал кетсе,
Жаман жұрат жат болар.

Ілмектер: төрт түлік мал, жат, ағайын

Соғымды сайлының — қазаны майлы.

Ілмектер: соғым, ас

Бір күндік тойдың
Мың күндік өкпесі бар.

Ілмектер: той, туған, туыс

Ағайын барыңда
Аузыңды жалайды,
Жоғыңда желкеңнен қарайды.

Ілмектер: ағайын, туған, туыс

Қалыңдығың сиықсыз болса,
Қайын енеңнің сұлулығынан не пайда?

Ілмектер: туған, туыс

Төрге бұрын шыққан
Тілеген жеріне отырар.

Ілмектер: қонақ

Балалығыңды сағынсаң,
Нағашыңа бар.
Жігіттігіңді сағынсаң,
Қайныңа бар.

Ілмектер: туған, туыс, нағашы, жігіт, бала, қайны