Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Әкесі бардың ырысы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

Ілмектер: әке, іні, ырыс, тыныс

Атаңда болғанша,
Алақаныңда болсын.

Ілмектер: ата, алақан

Әкеге баланың алалығы жоқ.

Ілмектер: әке, бала

Сайына қарай — саласы,
Әкесіне қарай — баласы.

Ілмектер: әке, бала

Атасы жоқ — мас жетім,
Анасы жоқ — қас жетім.

Ілмектер: ата, ана, жетім

Ананың салған жолы бар,
Ананың тіккен тоны бар.

Ілмектер: ана, тон, жол

Әкенің қадірін,
Балалы болғанда білерсің.

Ілмектер: әке, бала, қадір

Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.

Ілмектер: әке, ұл, ана, қыз

Бала өсірген ата-ана
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан ұстаздар
Бала болып ойлайды.

Ілмектер: бала, ата-ана, ұстаз

Баланың бас ұстазы — ата-ана.

Ілмектер: бала, ата-ана, ұстаз

Жақсы әке жаман балаға,
Қырық жыл азық.

Ілмектер: жақсы, жаман, әке, бала

Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.

Ілмектер: ата, ана, қыз, ұл

Атасыз ұлдың ауызы үлкен.

Ілмектер: ата, ұл

Аталы ұл — қожалы құл.

Ілмектер: ата, ұл

Атаның өспес ұлы
Өнбес дауды даулайды.

Ілмектер: ата, ұл, дау

Ата — бәйтерек,
Бала – жапырақ.

Ілмектер: ата, бала

Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.

Ілмектер: ата, ұл

Жаман да болса ұрпақ қалсын,
Ошағыңда отың жансын.

Ілмектер: жаман, ұрпақ

Әкенің жақсылығы жездедей-ақ.

Ілмектер: әке, жақсылық

Атадан бала туар
Атасының жолын қуар.

Ілмектер: ата, бала, жол