Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Ат болар тай саяққа үйір,
Адам болар бала қонаққа үйір.

Ілмектер: адам, бала, қонақ

Ерке бала — екі жылар.

Ілмектер: ерке, бала

Көргенсіз бала — көкірек,
Өнерсіз бала — өкірек.

Ілмектер: көргенсіз, бала

Немере етін жеп, сүйегін береді.

Ілмектер: немере, ет, сүйек

Бала ханнан үлкен,
Ашамай нардан үлкен.

Ілмектер: бала, хан

Жалғыз баласы бардың
Шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың,
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың
Бұқарада пұлы бар.

Ілмектер: бала, жалғыз, жан

Бір бала, атаға жете туады,
Бір бала, атадан өте туады,
Бір бала, кейін қарай кете туады.

Ілмектер: бала, ата

Бала өз несібесін ала туады.

Ілмектер: бала, несібе

Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.

Ілмектер: бала

Баласы бардың өңі ойнар,
Балтасы бардың қолы ойнар.

Ілмектер: бала

Үш баланы өсіргенше,
Үш шаһар апат болады.

Ілмектер: бала, шаһар, апат

Өз балаң,
Өзекке тепсең де кетпейді;
Кісі баласы,
Кісендесең де тұрмайды.

Ілмектер: бала

Жылайын деген бала,
Әкесінің сақалымен ойнайды.

Ілмектер: бала, әке

Келіннің сөзі кетпендей,
Баланың сөзі батпандай.

Ілмектер: келін, бала, сөз

Қыз «қуыршақ» дейді,
Бала «құлыншақ» дейді.

Ілмектер: қыз, бала

Жақсы бала қонаққа үйір,
Жақсы тай атқа үйір.

Ілмектер: жақсы, бала, қонақ

Боранды күні бала құтырар,
Желді күні ит құтырар.

Ілмектер: боран, ит, бала

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

Ілмектер: ұрлық, бала, үй

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.

Ілмектер: ата, ұл, жақсы, жаман, ел, мал

Мал балада қалды,
Бай далада қалды.

Ілмектер: мал, бала, дала, бай