Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Өнерлінің үйі басында,
Үскенесі қасында.

Ілмектер: өнер, қол өнері

Тігіншіні инесі асырайды.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Өнер көзі — халықта.

Ілмектер: өнер, халық, қол өнері

Алтын балтаның да сабы ағаш.

Ілмектер: алтын, ағаш, қол өнері

Жұмыстың көзін тап,
Қисықтың ізін тап.

Ілмектер: жұмыс, қол өнері, өнер

Жаман ұста жанынан.

Ілмектер: қол өнері, өнер, ұста

Темірші көміршіге үйір.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Жаман етікші біз таңдайды,
Жаман жігіт қыз таңдайды.

Ілмектер: жаман, жігіт, қыз, қол өнері, өнер

Олақтан салақ жаман.

Ілмектер: олақ, салақ, өнер

Аяғы кіші сүйгенін киер,
Аяғы үлкен сыйғанын киер.

Ілмектер: қол өнері, аяқ, кию

Жаман үйден қосым артық,
Сынық ошақтан мосым артық.

Ілмектер: үй, жаман, қол өнері

Сұлуынан жылуы.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Жалғаймын деп үзіп алма,
Түзеймін деп бұзып алма.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Қазаншының еркі өзінде,
Қайдан құлақ шығарса.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Керек тастың ауырлығы жоқ.

Ілмектер: тас, керек, өнер

Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу сызады.

Ілмектер: өнер, қол өнері

Болар іс болды,
Бояуы сіңді.

Ілмектер: іс, өнер

Бояушы, бояушы дегенге,
Сақалын бояр.

Ілмектер: өнер, қол өнері

Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да отқа жақ.

Ілмектер: алтын, өнер, қол өнері