Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын.

Ілмектер: күміс, алтын, сөз, тіл

Көп сөйлеген —
Көптен айрылар.

Ілмектер: сөз, тіл

Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.

Ілмектер: сөз, тіл

Аңдамай сөйлеген
Ауырмай өледі.

Ілмектер: тіл

Жыланның тілі айыр,
Жылан мінезді адамның сөзі айыр.

Ілмектер: тіл

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Ілмектер: сөз, тіл

Аш құлақтан —
Тыныш құлақ.

Ілмектер: құлақ, тіл

Жер астында жатқанды,
Қазбай, қарап тіл табар.
Қойын-қойын сырыңды
Түбінде келіп шын табар.

Ілмектер: тіл

Піл көтермегенді
Тіл көтереді.

Ілмектер: тіл

Тіл жүйрік емес,
Шын жүйрік.

Ілмектер: тіл, шын

Ашуың келсе — қолың тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт.

Ілмектер: ашу, тіл

Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.

Ілмектер: абырой, тіл

Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.

Ілмектер: тіл

Тіл ерді қабырға салады,
Нарды қазанға салады.

Ілмектер: тіл, төрт түлік мал

Тіл — тиексіз.

Ілмектер: тіл

Басқа пәле тілден.

Ілмектер: пәле, тіл

Сүңгінің жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.

Ілмектер: тіл

Бал тамған тілден
У да тамар.

Ілмектер: тіл

Мақтаған жеткізер,
Шаққан өлтірер.

Ілмектер: тіл

Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.

Ілмектер: төрт түлік мал, тіл