Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Тентек отты тебемдеп,
Аяғын күйдіреді.
Ділмәр шындықты жеңем деп,
Тілін күйдіреді.

Ілмектер: тентек, тіл

Ат тұяғы—алтын,
Алысқа алып баратын.
Адам тілі алтын,
Алысты сұраптабатын.

Ілмектер: алтын, төрт түлік мал, тіл, адам

Ағадан— ақыл,
Атадан — нақыл.

Ілмектер: аға, ата, нақыл, ақыл

Шынайы сөз, не күйінгенде шығады,
Не сүйінгенде шығады.

Ілмектер: сөз

Жолыңа жуа бітсін,
Сөзіңе дуа бітсін.

Ілмектер: сөз

Сауатсыздың сөзіне сүрініп құлайсың.

Ілмектер: сауатсыз, тіл, сөз

Шын — бір сөз,
Өтірік — мың сөз.

Ілмектер: шын, өтірік, сөз, тіл

Жері жуалының
Сөзі дуалы.

Ілмектер: жер, сөз, тіл

Шешілмеген шиені,
Тырнақ шешпес,тіл шешер.

Ілмектер: тіл, сөз

Көре-көре көсем болады
Сөйлей-сөйлей шешен болады.

Ілмектер: көсем, шешен, сөз, тіл

Сылбыр сөзін — сүйретіп айтады,
Содыр сөзін — күйретіп айтады,
Сыпайы сөзін — ширатып айтады.

Ілмектер: сөз

Жетесізге айтқан сөз,
Желмен бірге кетеді.

Ілмектер: сөз, тіл

Сөйлеген — себеді,
Тыңдаған — орады.

Ілмектер: сөз, тіл

Қол жүйрігі — етке,
Тіл жүйрігі —бетке.

Ілмектер: тіл

Жақтырмаған
Жүре сөйлеседі.
Жарамсақтанған
Күле сөйлеседі.

Ілмектер: сөз, тіл

Ақынның тілі қылыштан өткір,
Қылдан нәзік.

Ілмектер: ақын, сөз, тіл

Өзі өтірікші
Өзгенің шын сөзіне сенбейді.

Ілмектер: сөз, тіл, өтірікші

Санасызға айтқан сөз —
Тасқа тамған тамшыдай.
Саналыға айтқан сөз —
Қолға ұстатқан қамшыдай.

Ілмектер: сөз, тіл

Жүйелі сөз — киелі.

Ілмектер: сөз

Қызыл тілден, ашынғанда у тамар,
Басылғанда бал тамар.

Ілмектер: тіл, у