Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Айтылған сөз — атылған оқ.

Ілмектер: сөз, тіл

Жақсының өзі өлсе де,
Сөзі өлмейді.

Ілмектер: жақсы, сөз, тіл

Сөзбен сөзді жуады,
Сабынмен бөзді жуады.

Ілмектер: сөз, тіл

Көздің аласынан
Сөздің аласы жаман.

Ілмектер: жаман, сөз, тіл

Киім кірі жуса кетеді,
Көңіл кірі айтса кетеді.

Ілмектер: көңіл, кір, сөз, тіл

Мақал —сөздің мәйегі.

Ілмектер: мақал, сөз

Сырдың елі — жырдың елі.

Ілмектер: ел, жыр

Әуелгі сөз — ағадан,
Әдепті сөз — ініден.

Ілмектер: сөз, аға, іні

Асығын ата алмаған,
Сақасынан көреді.
Сөзін сөйлей алмаған,
Атасынан көреді.

Ілмектер: сөз, асық, ата, тіл

Қайғылы сөз
Қаза үстінде туады.
Қаһарлы сөз
Жаза үстінде туады.

Ілмектер: сөз, жаза, қаза, тіл

Жалаң бұттың өлімі шөптен,
Жалаң сөздің өлімі көптен.

Ілмектер: сөз, тіл, өлім

Қол, аяғы бар кісі —
Жүк көтергіш нар кісі.
Тілі, сөзі бар кісі,
Жазасызға жар кісі.

Ілмектер: тіл, сөз

Сәлемі жараспағанның —
Сөзі де жанаспайды.

Ілмектер: сөз, тіл

Айтсам тілім күйеді,
Айтпасам дінім күйеді.

Ілмектер: тіл, дін

Қағынған ауыздан
Ұшынған сөз шығады.

Ілмектер: сөз, тіл

Көр топырағы көзіңе түспесін,
Сөз салмағы өзіңе түспесін.

Ілмектер: көр, сөз, тіл

Ең тәтті де — тіл,
Ең ащы да — тіл,
Ең жұмсақ та — тіл,
Ең қатты да — тіл.

Ілмектер: тіл

Адам тілінен,
Ат аяғынан жазады.

Ілмектер: адам, тіл, төрт түлік мал

Аяқ — тұлпар,
Сөз — сұңқар.

Ілмектер: сөз, тіл

Жыланның уы тісінде,
Адамның уы тілінде.

Ілмектер: тіл, у