Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Ұқпас құлаққа айтқан сөз,
Оқпанға құйған сумен тең.

Ілмектер: сөз, су, тіл

Делдал малдың базарын келтіреді,
Мақал сөздің ажарын келтіреді.

Ілмектер: мақал, сөз, тіл, делдал

Көп сөз күлгенге жақсы,
Аз сөз білгенге жақсы.

Ілмектер: сөз, тіл

Майда сөйлеп, ірі шық,
Ақылдының бірі шық.

Ілмектер: сөз, тіл, ақыл

Түсінбеске сөйлеме,
Толмасқа құйма!

Ілмектер: сөз

Қысыр сөзге мініп,
Қысырақ қумас болар.

Ілмектер: сөз

Тілің бар болса,
Жауым жоқ деме
Тамырың бар болса,
Дауым жоқ деме.

Ілмектер: тіл, сөз, жау

Ел арасын сөз бұзар,
Жол арасын сел бұзар.

Ілмектер: сөз, ел, тіл

Көз — нұрдың ұясы,
Көңіл — сырдың ұясы,
Сезім — жырдың ұясы.

Ілмектер: көңіл, сезім, көз, тіл, сөз

Аяғың сауда, билеп қал,
Аузың сауда, сөйлеп қал.

Ілмектер: сөз, тіл

Елшіге өлім жоқ,
Өлеңшіге өкім жоқ.

Ілмектер: сөз, өлім, тіл

Күлкі сөз — көңілді тындырар,
Қас сараң сағыңды сындырар.

Ілмектер: сөз

Әуелі бойыңда талант болсын,
Талантыңа талабың қанат болсын.

Ілмектер: талап, талант

Сөз сөзден туады
Сөйлемесе қайдан туады?
Отбасының жанжалы
Қана ішпеген шайдан туады.
Ауыр жолдың азабы
Артар атан-нардан туады.

Ілмектер: сөз, жанжал

Артында баласы қалса —
Көзі қалды де,
Артында сөзі қалса —
Өзі қалды де.

Ілмектер: бала, сөз, тіл

Сәлем — сөздің анасы.

Ілмектер: сәлем, сөз, тіл

Тіс — тілдің қамалы.

Ілмектер: тіл

Жақсыменен сөйлессең —
Жаның рахаттанады.
Жаманменен сөйлессең —
Қойыңа қасқыр шабады.

Ілмектер: жақсы, жаман, тіл

Артық сөйле, кем сөйле,
Таразылай тең сөйле.

Ілмектер: сөз, тіл

Аз сөз — ишарат,
Көп сөз — кінарат.

Ілмектер: сөз, ишарат