Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Өнер тамған он саусақ —
Үзілмейтін ырысың.
Өнері жоқ он саусақ,
Бар болмай-ақ құрысын.

Ілмектер: өнер, қол өнері

Қас шебердің
Шанышқан инесі тонына кіреді.
Хас шебердің
Шанышқан инесі қолына кіреді.

Ілмектер: шебер, қол өнері, өнер

Адамға ақыл көптік қылмайды,
Азаматқа өнер көптік қылмайды.

Ілмектер: азамат, өнер, қол өнері

Жайсыз болған жаздан
Жайлы келген қыс артық.
Көріксіз соққан күмістен
Келісті соққан мыс артық.

Ілмектер: күміс, мыс, қол өнері, өнер

Күміс күнге қонса,
Алтын өз аяғымен келер.

Ілмектер: күміс, алтын, өнер, қол өнері

Өнер — мінсең ат,
Ұшсаң — қанат.
Кисең — жанат,
Ішсең — тамақ.

Ілмектер: өнер

Өнерлі адам бай болмас,
Бай болмаса да жай болмас.

Ілмектер: өнер, қол өнері

Қара суда қаймақ болмас,
Хас шеберде оймақ болмас.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Темірші балтаға жарымас,
Қайыршы қалтаға жарымас.

Ілмектер: өнер, қол өнері

Қолында өнері бардың,
Белінде кемері бар.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Өрмесі бардың —
Ермегі бар.

Ілмектер: қол өнер, өнер

Өнеріне қарай — өрнегі,
Тірлігіне қарай — тірнегі.

Ілмектер: өнер, қол өнері

Алтын балдақ —
Қол сәні,
Әшекей, кесте —
Тон сәні.

Ілмектер: өнер, қол өнері

Бит терісін
Биялай еткен шебер.

Ілмектер: өнер, қол өнері

Өнерлі бала елдің көркі,
Үкілі қамыс көлдің көркі.

Ілмектер: өнер, қол өнері

Өнері өлмес, үміт сөнбес.

Ілмектер: үміт, өнер, қол өнері

Теміршінің қолында
Темір тозбайды.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Туырлықтай киізден
Тоқым шықпапты.

Ілмектер: қол өнер, өнер

Шын болат шорт сынар.

Ілмектер: болат, өнер, қол өнері

Біреу күймеге қарайды,
Біреу күймеге таққан түймеге қарайды.

Ілмектер: қол өнері, өнер