Анаңа ауыр сөз айтпа! Атыңа ауыр жүк артпа! Ілмектер: ана, төрт түлік мал, сөз Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Анаңа ауыр сөз айтпа! Атыңа ауыр жүк артпа!
өте күш ті мақал
Күшті
Күшті өте керемет
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Ата - асқар тау, Ана - бауырыдағы бұлақ, Бала - жағасындағы құрақ. ата, ана
Әдепті бала ата-анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар. әдеп, ата-ана
Жаман атқа жал бітсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бітсе, Жанына қоңсы қондырмас. жан-жануар, төрт түлік мал
Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің; Ағайынның қадірін Жалалы болғанда білерсің. ата-ана, бала
А, Құдайым бала бер, Бала берсең, сана бер. Санасыз бала бергенше, Артынан бәрін-бәрін ала бер. бала, сана
Айдағаның бес ешкі, Ысқырығың жер жарады. жан-жануар, төрт түлік мал
Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан, Төрт аяғын тең басқан — Түйе деген жануар. жан-жануар, төрт түлік мал
ерасыл
өте күш ті мақал
Нұрсулу
Күшті
Жансұлу
Күшті өте керемет