Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Ынта болса адамда
Қиын іс жоқ ғаламда.

Ілмектер: ынта, іс, еңбек

Бал ұстаған бармағын жалар.

Ілмектер: еңбек

Жақсы болар жігіттің
Жұмыссыз жүрген күні жоқ.
Жаман болар жігіттің
Еш жұмысқа қыры жоқ.

Ілмектер: жақсы, жігіт, жұмыс

Даярға — аяр.

Ілмектер: даяр

Сөзі — аз,
Ісі — саз.

Ілмектер: сөз, іс

Жұмысы жемістінің —
Өмірі келісті.

Ілмектер: өмір, жұмыс

Қалған іске — қар жауар.

Ілмектер: еңбек

Ерінген екі істейді.

Ілмектер: еріншектік

Көңілсіз жұмыс — өнімсіз.

Ілмектер: жұмыс

Бір еңбектің — бір рахаты бар.

Ілмектер: еңбек

Отты үрлеген жағады.
Шындықты іздеген табады.

Ілмектер: шындық

Ергенек болмаса,
Есік тұра ма?
Еңбеккер болмаса,
Несіп тұра ма?

Ілмектер: еңбек

Елге қылған жақсылық,
Еленбей қалмайды.
Еңбек еткен ерінбей —
Кенелмей қалмайды.

Ілмектер: еңбек, жақсылық

Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.

Ілмектер: еңбек, іс, жігіт

Түйменің инесіз күні жоқ.

Ілмектер: еңбек

Өзен жағалағанның
Өзегі талмас.

Ілмектер: еңбек

Жүйесін тауып, жұмыс қыл.
Жерін тауып, тыныс қыл.

Ілмектер: еңбек

Көз қорқақ,
Қол батыр.

Ілмектер: еңбек, қорқақ, батыр

Ерте тұрған жігіттің
Ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің
Бір ісі артық.

Ілмектер: ырыс, жігіт, әйел

Қатты жерге қақ тұрар,
Қайратты ерге бақ тұрар.

Ілмектер: қайрат, ер