Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Жаз — береген,
Күз алаған.

Ілмектер: жыл мезгілдері, егіншілік

Су жүрген жер молшылық —
Абат емей немене?!
Жақсылардың сөздері —
Қанат емей немене?!

Ілмектер: су

Жаңбыр жауса — жер тоқ,
Егін ексе — ел тоқ.
Бұлақ ақса — көл тоқ.
Еңбек етсе — ер тоқ.

Ілмектер: жер, егін, бұлақ, еңбек

Егін ексең, мол ек,
Толтыр қанар-қабыңды.
Арық қазсаң, кең қаз,
Қандырар бақша, бағыңды.

Ілмектер: егін, егіншілік

Мінсіз дос болмайды,
Мүлтіксіз қос болмайды.

Ілмектер: дос

Кезінде жауын жаумаса,
Керіліп жатқан жер кәріп.
Тең құрбысы болмаса,
Тетелес өскен ер кәріп.

Ілмектер: жер

Малшы елдің баласы
Құдық қазып ойнайды.
Егінші елдің баласы
Арық қазып ойнайды.

Ілмектер: егінші, малшы, егіншілік

Ағын су жолын табады,
Ақ адам оңын табады.

Ілмектер: су, адам, ақ

Диқан жерін анасындай сүйеді,
Жер диқанын баласындай сүйеді.

Ілмектер: егіншілік

Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.

Ілмектер: көл, жетім, ел

Елге сыймаған —
Жерге сыймайды.

Ілмектер: ел, жер

Жүлдегердің — жүзі жарқын.

Ілмектер: жүлдегер

Өзен суға жарасқан
Қамысы мен қоғасы.
Кәрияға жарасқан
Аузындағы тобасы.

Ілмектер: су, қария

Мұздан өтсең ағып өт
Ойылғанша өтерсің.
Судан өтсең сабыр ет
Сарқылған соң өтерсің.

Ілмектер: су

Жерді теппе,
Елді сөкпе.

Ілмектер: жер, ел

Достың айнасы — досы.
Қостың айласы — мосы.

Ілмектер: дос

Жаңбыр жауса, жерге сый,
Жігіт туса, елге сый.

Ілмектер: жаңбыр, жігіт

Алыстағы апаннан
Алдыңдағы құдық қайырлы.

Ілмектер: құдық

Көктемеде жерге түскен бір дән.
Күзді күні мың дән болады.

Ілмектер: егіншілік, дән, көктем, күз

Ер елдің көркі,
Орман, тоғай — жердің көркі.

Ілмектер: ер, ел