Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Тары болса,
Тауық табылады.

Ілмектер: егіншілік, тары

Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.

Ілмектер: су, құдық

Бағбан өлсе бақ жетім,
Құлан кетсе қақ жетім.

Ілмектер: бағбан, егіншілік, жетім

Көк шықпаған жер —
Көтерем мал сияқты.

Ілмектер: жер, егіншілік

Тырс-тырс еткен тамшы
Тасты теседі.
Былш-былш еткен өсек
Басты кеседі.

Ілмектер: өсек, тамшы

Жапырағы — қамқадай,
Топырағы — торқадай.

Ілмектер: егіншілік

Егінші жауында тынады,
Қайықшы дауылда тынады.

Ілмектер: егіншілік

Жылқы бақсаң.
Құрығыңды сайла.
Егін ексең,
Ұрығыңды сайла.

Ілмектер: жылқы, төрт түлік мал, егіншілік

Көрінген таудың алыстығы жоқ.

Ілмектер: тау, алыс

Кемедегінің жаны бір.

Ілмектер: кеме, жан, бір

Жақсылық еккен алғыс орады.

Ілмектер: жақсылық, алғыс

Отты жаға білмеген
Пықсытады.
Шөпті шаба білмеген
Қоқсытады.

Ілмектер: от, шөп, білмеу

Берекесі кеткен ауылдың
Айтқаны өсек болар,
Аңдығаны төсек болар,
Берекесі кірген ауылдың:
Айналдырғаны шаруа болар.
Еккені тары, жегені жарма болар.

Ілмектер: өсек, ауыл, егіншілік

Теңізді қасықтап төгіп
Сарқа алмайсың.

Ілмектер: теңіз

Теңіз кешкенге
Өзен сирағынан да келмейді.

Ілмектер: теңіз, өзен

Басыңды көтеріп елден сұрағанша,
Басыңды иіп жерден сұра.

Ілмектер: егіншілік, ел, сұрау

Жаңа туған айды көрген
Бір мұрат,
Жаңа шыққан күнді көрген
Бір мұрат.
Жаңа ашылған гүлді көрген
Бір мұрат.

Ілмектер: мұрат, гүл

Орман көп болса — олжаң көп.

Ілмектер: орман, олжа

Ер тоқымы жаман деп
Ерді мазақ қылмаңыз.
Еккен егін жаман деп,
Жерді мазақ қылмаңыз...

Ілмектер: егіншілік, ер

Жердің тілін білсең,
Тілдей жерден жылдық өнім аларсың.
Елдің тілін білсең,
Елге сыйлы боп жағарсың.

Ілмектер: егіншілік, жер, сый, ел