Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Жалғыз ағаш орманға қарайды,
Жалғыз бала қорғанға қарайды.

Ілмектер: жалғыз, ағаш, бала

Кімнің тарысы піссе,
Соның тауығы.

Ілмектер: егіншілік

Жалғыз еменге жай түскіш.

Ілмектер: егіншілік

Бұлаққа бұлақ қосылса,
Егізбіз дейді.
Көлге көл қосылса,
Теңізбіз дейді.

Ілмектер: су, бұлақ, көл, теңіз

Орман —
Ел дәулеті,
Жер сәулеті.

Ілмектер: орман, жер

Суға кеткен тал қармайды.

Ілмектер: су

Дауылдың алды — жел,
Жаңбырдың арты — сел.

Ілмектер: дауыл, сел, жаңбыр

Гүл қайда болса,
Көбелек сонда.

Ілмектер: гүл, көбелек

Қар суының тасқынын,
Қасқалдақ көрмес.

Ілмектер: су, тасқын

Диқан еккенін жейді,
Жылқы тепкенін жейді.

Ілмектер: егіншілік

Су байлық —
Алты айлық.
Қар байлық —
Үш айлық.

Ілмектер: су, қар, байлық

Жер байлықтың көзі,
Еңбеккер иесінің өзі.

Ілмектер: жер, ел, егіншілік

Жер —ана,
Ел — бала.

Ілмектер: жер, ел

Ойдағы үй — селдікі,
Өрдегі үй — желдікі,
Жазықтағы үй — елдікі.

Ілмектер: үй

Бұлыңғыр күннің артынан
Бұлтты түре күн шығар.

Ілмектер: бұлт, күн

Сай қуалап су ағар,
Жел қуалап от жанар.

Ілмектер: су, от

Су — ырыстың көзі,
Еңбек — кірістің көзі.

Ілмектер: су, ырыс, еңбек

Дауылды күні құс салма,
Жауынды күні жылқы алма.

Ілмектер: дауыл, жауынды

Егінді күндіз егіп,
Түнде суар.
Гүлді күн көзіне егіп,
Күнде суар.

Ілмектер: егіншілік

Бағбан болсаң
Бақ өсір.
Балама деп
Тағы өсір.

Ілмектер: бағбан, егіншілік, бала