Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Қара жерге қар жауар,
Қарды көрген бір мұрат.
Қара жерден қар кетер,
Жерді көрген бір мұрат.

Ілмектер: қар, жер, мұрат

Су жетпейін демейді,
Жар жеткізбейді.
Ер жігіт жетпейін демейді,
Мал жеткізбейді.

Ілмектер: су, жігіт

Диқан жерім дейді,
Жері үшін ерінбейді.

Ілмектер: егіншілік, диқан

Нажағайдың көптігін қайтейін,
Жаңбырдың жоқтығын қайтейін.

Ілмектер: егіншілік

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Ілмектер: бұлақ, су

Алыстағы дәриядан
Алдында жатқан қақ артық.
Төскейдегі тұлпардан
Жаныңда тұрған жабы артық.

Ілмектер: алыс, артық

Аяқты ақырғы тамшы толтырады.

Ілмектер: ақырғы, тамшы

Алтын — тас,
Дақыл ас.

Ілмектер: егіншілік

Бір тал кессең,
Он тал ек.

Ілмектер: тал, ағаш

Қыста қысыл,
Жазда жазыл.

Ілмектер: жыл мезгілдері, қыс, жаз

Отырықшы ел
Егінін — ойлайды.
Көшпелі ел
Көлігін ойлайды.

Ілмектер: егіншілік

Жаман көлдің суы ащы
Жаман адамның тілі ащы.

Ілмектер: жаман, адам, тіл

Көктемеде бір тойдым,
Көбік қарда бір тойдым.

Ілмектер: көктем

Жер — адамның бесігі.
Ел — бақыттың есігі.

Ілмектер: жер, ел

Жерін қорлаған
Жеріне сыймайды.
Елін қорлаған
Еліне сыймайды.

Ілмектер: ел, жер

Арық қазған — су ішер,
Араздасқан — у ішер.

Ілмектер: су, араздасу

Бұлт —
Жаңбыр жаршысы.

Ілмектер: бұлт

Бел орақтың шыңы бір,
Шаруаның мұңы бір.

Ілмектер: шаруа, мұң

Мал семіз —
Төл егіз.
Жер семіз —
Дән егіз.

Ілмектер: мал, төл

Мың шыбық шаншып өсірсең,
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның
Өзіңе қорған салғаның.

Ілмектер: орман, халық