Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Күнде ертеңнің,
Құдығы аршылмайды.

Ілмектер: ертең

Жер тозса — тақыр,
Ер азса — пақыр.

Ілмектер: жер, ер

Жемісті ағашқа тас атпа,
Буаз биеге тас артпа.

Ілмектер: ағаш, төрт түлік мал

Шөптің басын сындырмас,
Сындырса да тындырмас.

Ілмектер: шөп

Елге мал көптік қылмайды,
Жерге тал көптік қылмайды.
Тарыға май көптік қылмайды,
Күрішке су көптік қылмайды.

Ілмектер: ел, мал, жер

Егін жерге бітеді,
Ер жігіт елге бітеді.
Қоға көлге бітеді,
Көк жантақ шөлге бітеді.

Ілмектер: егін, жігіт

Жер сәні — егін,
Ер сәні — білім.

Ілмектер: жер, ер, білім, егіншілік

Қосты жеге білмеген
Тұқымды себе білмейді.

Ілмектер: егіншілік

Өзен талымен көрікті
Өріс малымен көрікті.

Ілмектер: өзен

Сусыз жердің шөбі сұйық,
Суайт адамның сөзі сұйық.

Ілмектер: жер, егіншілік, адам

Қайраңы жоқ көлден без,
Қайыры жоқ жерден без.

Ілмектер: жер

Қайтқан күнде қайыр жоқ,
Қу ағашта шайыр жоқ.

Ілмектер: ағаш, күн

Ұрып саймен жүргенше
Бұрып қырмен жүр.

Ілмектер: жүру

Ақылды елден сұра,
Дақылды жерден сұра.

Ілмектер: ақыл, дақыл, егіншілік

Күн сіркіресе —
Көк дүркірейді.

Ілмектер: күн

Жемес жерде от бар.
Ішпес жерде су бар.

Ілмектер: су

От орнында күл қалады,
Су орнында гүл қалады.

Ілмектер: су

Су кетсе, тас қалады
Сүрме кетсе, қас қалады.

Ілмектер: су

Жақсы жер — жан тынысы.
Жақсы өнер — жігіт ырысы.

Ілмектер: жер, өнер, жігіт

Орақшы — бір кісі,
Комбайн мың кісі.

Ілмектер: егіншілік