Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Түйменің инесіз күні жоқ.

Ілмектер: еңбек

Өзен жағалағанның
Өзегі талмас.

Ілмектер: еңбек

Жүйесін тауып, жұмыс қыл.
Жерін тауып, тыныс қыл.

Ілмектер: еңбек

Көз қорқақ,
Қол батыр.

Ілмектер: еңбек, қорқақ, батыр

Ерте тұрған жігіттің
Ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің
Бір ісі артық.

Ілмектер: ырыс, жігіт, әйел

Қатты жерге қақ тұрар,
Қайратты ерге бақ тұрар.

Ілмектер: қайрат, ер

Алтын әзәзіл— аздырар...
Адал еңбек – бойыңды жаздырар.

Ілмектер: еңбек

Көндікпесең бейнетке,
Қолың жетпес зейнетке.

Ілмектер: еңбек

Еңбек етсең — еленерсің,
Еңбегіңе кенелерсің.
Есің жиып, етек жауып,
Елге жетіп теңелерсің.

Ілмектер: еңбек

Кедейлік кетсін десең, еңбек ет.
Молшылық жетсін десең, еңбек ет.

Ілмектер: еңбек

Жер — өмірдің бесігі.
Еңбек — ердің несібі
Еңбек еткен —
Мұратқа жеткен.

Ілмектер: еңбек, мұрат

Еркін еңбек —
Баршаны жеңбек.

Ілмектер: еңбек

Еңбек — өмірді ұзартады,
Ұят бетті қызартады.

Ілмектер: еңбек

Екі көзің ойнаса,
Жақұт емей немене?
Екі қолың ойнаса
Бақыт емей немене?!

Ілмектер: бақыт

Халық — қазы,
Еңбек — таразы.

Ілмектер: еңбек

Еңбегіне қарай — құрмет.
Жасына қарай — ізет.

Ілмектер: еңбек, ізет

Еңбек түбі —қуаныш,
Сауда түбі — реніш.

Ілмектер: еңбек

Еңбектен алғанның бүйірі шығады.
Кісіден алғанның екі көзі шығады.

Ілмектер: еңбек

Еңбекте қорлық жоқ.
Шындықта зорлық жоқ.

Ілмектер: еңбек

Еңбек ет те, егін ек,
Жарымасаң маған кел.
Белді бу да бейнет қыл,
Байымасаң маған кел.

Ілмектер: еңбек