Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Суды өзі кешіп ішпей,
Мал қоңданбайды.
Шөпті өзі орып жемей,
Мал жонданбайды.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Көңілсіздің көлігі шаппас.

Ілмектер: көңіл

Малым жоқ деме,
Бір күнгі ұйқы.
Балам жоқ деме,
Бір күнгі күлкі.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, бала

Дала малсыз болмайды,
Орман аңсыз болмайды.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Шаруа болсаң,
Малыңның қасында бол.
Диқан болсаң,
Жеріңнің басында бол.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, диқан

Мал айдаса елдікі,
Ысқырса желдікі.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Даланың көркі — мал,
Өзеннің көркі — тал.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Мал қадірін білмеген,
Жан қадірін білмейді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, қадір

Барымтадан келген мал
Қарымтамен кетеді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, барымта

Сасық суда жайын бар,
Олжа малда қайыр жоқ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Әркімнің өз малы өзіне ыстық.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Артық мал
Ақы сұралмайды.

Ілмектер: мал, ақы

Біреуге мал қайғы,
Біреуге жан қайғы.

Ілмектер: мал, жан, қайғы

Малыңды қойған жеріңнен іздеме,
Тойған жерінен ізде.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Қорада малың болсын,
Көшеңде талың болсын,
Мал — аяғың,
Тал — таяғың.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Кемпір шалдың тілін біледі,
Шал малдың тілін біледі.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, шал, кемпір

Малсызға
Малға балап ұйқы берер.
Арсызға
Арға балап күлкі берер.

Ілмектер: мал, ар, күлкі, ұйқы

Жарлы болатын жігітке
Қазалы мал тап болар.
Жалғыз болатын жігітке
Бедеу қатын тап болар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жігіт, қатын

Мал бітерінде
Кілемнің түгіндей,
Мал кетерінде
Қолдың кіріндей.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Жалқау— өзіне жау.

Ілмектер: жалқау