Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Алса — құсым,
Алмаса — желпуішім.

Ілмектер: аңшылық

Ажалды киіктің
Аяғы тыныш жатпайды.

Ілмектер: тағдыр, өлім

Құзғын ас таңдамайды.

Ілмектер: байлық, кедейлік

Арыстанның ойнынан
Түлкінің мойны үзіледі.

Ілмектер: жануарлар, аңдар

Бақсы көрінсе, дерт қозады,
Ұста көрінсе, таға тозады.

Ілмектер: денсаулық, дерт

Алпыс күн аспанға қарағанша,
Алты көште айдынға құла.

Ілмектер: аспан

Құстың алғанынан,
Салғаны қызық.

Ілмектер: құс

Сұмырай келсе су құрыр.

Ілмектер: су

Мысық жоқта тышқан төбеге шығады.

Ілмектер: жануарлар, мысық, тышқан

Жар құласа, жайын өледі.

Ілмектер: балық

Түлкі жатарында
Жер таңдамайды.

Ілмектер: аң, жануар, түлкі

Сақ қарға сағағынан ілінер.

Ілмектер: құс

Ақсұңқардың баласы,
Алдына қоймай ас жемес.
Анық жақсы баласы
Адамнан туса жат демес.

Ілмектер: құс, адам

Қасқыр жүйрік — жылыс жоқ.
Түлкі жүйрік — дыбыс жоқ,
Қоян жүйрік — тыныс жоқ.

Ілмектер: жануарлар

Қасқыр байлағанға көнбес,
Шошқа айдағанға көнбес.

Ілмектер: жануарлар, қасқыр

Борсық ұрған сайын семіреді.

Ілмектер: жануарлар, борсық

Ителгінің қызығына қызсаң,
Қаршығаңды қамшы етерсің.

Ілмектер: құс

Қоянның қарасын көріп,
Қалжасынан түңіл.

Ілмектер: жануар

Қағынан жеріген құлан
Қаңғырып жүріп шөлден өлер.

Ілмектер: жануар

Бөлтірікті қанша асырасаң да,
Тоғайға қарап ұлығанын қоймайды.

Ілмектер: жан-жануар