Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Жауды аяған-жаралы.

Ілмектер: жау, сақтық

Бәледен машайық та қашыпты.

Ілмектер: бәле, сақтық

Айтқан жерде бәле жоқ,
Ақ жүргенге жала жоқ.
Қауіп қайдан болса
Қатер сонан.

Ілмектер: сақтық, қатер

Кезенген жаудың көзінен сақтан,
Сойқанды сұмның сөзінен сақтан.

Ілмектер: сақтық, жау

Үй менікі демеңіз,
Үй артында кісі бар.

Ілмектер: сақтық

Жау жоқ деме
Жар астында,
Бөрі жоқ деме
Бөрік астында.

Ілмектер: сақтық, жау, бөрі

Айла — алтау,
Ақыл — жетеу.

Ілмектер: сақтық, ақыл, айла

Жыланның уы басында,
Бейқамның жауы қасында.

Ілмектер: сақтық

Оң көзіңе
Сол көзің қарауыл болсын.

Ілмектер: сақтық

Жарақтыда жау жолықпас.

Ілмектер: сақтық

Әділ бидің өлгені —
Сөзінің болса жалғаны,
Ғұламаның өлгені —
Болмаса тәлім алғаны.

Ілмектер: әділ, ғұлама, би, дәуір

Болмайтын істің басында болма,
Бітпейтін даудың қасында болма.

Ілмектер: іс, дау

Көзбен көргенді
Құлақпен есіткен жеңген.

Ілмектер: көз, жеңу, дәуір

Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!

Ілмектер: байлық, адал, билік, әділдік

Тең тартқан
Таразы — алтын.

Ілмектер: тараз, алтын

Орынын тапқан
Орынсыз қалмас.

Ілмектер: орын

Алмақтың да алмағы бар,
Ат көтере алмас салмағы бар.

Ілмектер: салмақ алу, дәуір

Өтпес жарлық — бойға қорлық.

Ілмектер: жарлық, қорлық

Халық түзетпегенді,
Қалып түзетпейді.

Ілмектер: халық, қалып

Уәдені бұзған —
Ұяны бұзғанмен тең.

Ілмектер: уәде, бұзу