Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Ерін ауыстырғаны болмаса, есегі сол екен.

Ілмектер: есек

Түлкінің алдағанынан,
Арыстанның талағаны артық.

Ілмектер: аң, жануар, түлкі, арыстан

Бөрі боранды ұнатады.

Ілмектер: аң, бөрі

Жайдақ су жай ағады.

Ілмектер: су

Сұм қартайса,
Сопы болады.

Ілмектер: сұм, сопы

Әуелі қазы болды,
Сонан соң қажы болды,
Ақырында ала аяқтың өзі болды.

Ілмектер: қазы, қажы

Ораза, намаз, тоқтықта,
Құйрығын қысар жоқтықта.

Ілмектер: ораза, намаз, тоқтық

Молдаға жағайын десең,
Азаның болсын.
Қазыға жағайын десең,
Қазаның болсын.

Ілмектер: молда, қазы

Аққа зауал жоқ.

Ілмектер: ақ

Молда өзін бір алдайды,
Өзгені екі алдайды.

Ілмектер: молда

Аюға намаз үйреткен – таяқ,
Молдаға намаз үйреткен – тамақ.

Ілмектер: молда, намаз

Өлеңді жерде
Өгіз семіреді,
Өлімді жерде
Молда семіреді.

Ілмектер: мал, өлім, молда

Аңқау елге — арамза молда.

Ілмектер: аңқаулық

Долыдан дәу-пері қашқан.

Ілмектер: долы

Қардан аппақ нәрсе жоқ,
Ұстасаң қолды тоңдырар.

Ілмектер: қар

Қазаннан қара нәрсе жоқ,
Ассаң қарын тойдырар.

Ілмектер: ыдыс

Су сүреңін табады.

Ілмектер: су

Қатты қыстан мал қалса — олжа,
Қатты аурудан жан қалса — олжа.

Ілмектер: олжа, ауру, мал

Жеріне қарай — жыланы,
Жауына қарай— құланы.

Ілмектер: жер, жау, жануар

Балықшы суда жүрсе де
Сусап жүреді.

Ілмектер: балықшы