Қомағай құрсақтың қуысы толмайды.
Ілмектер: қомағайлық
Нан бар жерде ән бар.
Ілмектер: нан
Дәнді шашпа, нанды баспа.
Ілмектер: нан
Нан— тамақтың атасы,
Ілмектер: нан, ынтымақ
Ынтымақ — көптің батасы.
Нан астығын жинаймын,
Ілмектер: нан, ел
Елге астық сыйлаймын.
Ас атасы - нан.
Ілмектер: ас, нан
Ас адамның арқауы.
Ілмектер: ас, адам
Таңғы асты тастама.
Ілмектер: ас
Дастарханның басында дұшпан да дос.
Ілмектер: дос, дұшпан, дастархан
Атың барда – жер таны желіп жүріп,
Ілмектер: ас, төрт түлік мал, ел
Асың барда – ел таны беріп жүріп.
Берген ас түске жетпейді,
Ілмектер: ас, ниет
Ниет естен кетпейді.
Жоқты бар десең – құт болар,
Ілмектер: қанағат
Барды жоқ десең – жұт болар.
Сыйлап берсе суын іш.
Ілмектер: су, сыйластық
Тату үйдің тамағы тәтті.
Ілмектер: тамақ, татулық, үй
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Ілмектер: ас, ауру
Жарлының бір тойғаны шала байығаны.
Ілмектер: ас
Сыйласқанның суын іш.
Ілмектер: сыйластық, су
Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды.
Ілмектер: ас
Аштың ақылы астан әрі аспайды.
Ілмектер: ақыл, ас
Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды.
Ілмектер: ас, шай
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі