Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ілмектер: адам, ұйқы, тамақ

Дастарханда наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.

Ілмектер: нан, дастархан, тамақ

Қарны ашқан қазанға қарар.

Ілмектер: ас, тамақ

Ішіп тоймаған, жалап тоймайды.

Ілмектер: тамақ, ас

Асы жоқ алтын аяқтың,
Алтынын ал да отқа жақ.

Ілмектер: ас

Есек мінген ат сұрамайды,
Балық жеген ет сұрамайды.

Ілмектер: ас, тағам, төрт түлік мал

Шыбын да балға қонады.

Ілмектер: ас, тағам

Қайнаған қара суда қасиет бар.

Ілмектер: су

Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.

Ілмектер: ақыл

Ат адамның қанаты,
Ас адамның қуаты.

Ілмектер: ас

Өле жегенше, бөле же.

Ілмектер: қазақ мақалы, ас

Ер есімі – ел есінде.

Ілмектер: ер, ел

Жүрек – ер,
Бас – кемеңгер

Ілмектер: ер

Судың да сұрауы бар.

Ілмектер: су

Оқсыз мылтық – таяқ.

Ілмектер: қару

Жау жоқта – батыр көп,
Дау жоқта – ақыл көп.

Ілмектер: батыр, ақыл

Ер жігіт елі үшін туады,
Елі үшін өледі.

Ілмектер: ер, ел

Ел ұлсыз болмас,
Жер гүлсіз болмас.

Ілмектер: ел

Ер қаруы — бес қару.

Ілмектер: ер

Ер шекіспей, бекіспейді.

Ілмектер: ер