Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Билеуші ешқашан да толық көшірмейді.

Ілмектер: билік, билеуші, көшіру Элиас Канетти

Билеушілер тек өздері ғана тірі қалуға тиіс сияқты көреді.

Ілмектер: билеуші, тірі қалу Элиас Канетти

Қарғыс атқыр кекшілдікті қарғыс атсын: біреудің қолынан ең соңғы бауырым мерт болса да кек алғым келмейді.

Ілмектер: кек, кекшілдік, қарғыс, мерт Элиас Канетти

Бай адам табын-табын мал мен буда-буда ақша жинайды. Адам туралы ойлап, бас қатырып жатпайды: оларды сатып алуға болатынын білгені жетіп жатыр. Билеуші маңына адам жинайды. Оған табын мен буданың қажеті шамалы əрі кеткенде адам жинау үшін ғана керек.

Ілмектер: бай, ақша, билік Элиас Канетти

Құдірет иесінің өзі де қалғып кеткендіктен емес, қорқыныштан көрінбей жатуы мүмкін ғой.

Ілмектер: қорқыныш Элиас Канетти

Кедергілер адамды қатігез етіп жібереді.

Ілмектер: кедергі, қатыгездік Элиас Канетти

Саған керегі — қандай қарапайымдылық! — мəңгілік...

Ілмектер: қарапайымдылық, мәңгілік Элиас Канетти

Ағылшынның арманы — алды-артын қоршаған ағыл-тегіл су үстінде тұрған корабльдегі азғана топтың капитаны атану.

Ілмектер: ағылшын, арман, капитан, кеме Элиас Канетти

Əйгілі авторлардың афоризмдерін оқыған кезде шіркіндер бір-бірін өте жақсы білген екен деп ойлап қаласың.

Ілмектер: әйгілі, автор, афоризм Элиас Канетти

Күнделік жүргізген адам өзімен-өзі сырласады.

Ілмектер: күнделік, сырласу Элиас Канетти

Ницшенің мақамында құранның əуеніне ұқсас бірдеңе бар.

Ілмектер: құран, әуен, мақам Элиас Канетти

Жауабы көптің — сауалы көп.

Ілмектер: жауап, сауал Элиас Канетти

Тек іскер адам, тағдырлы адам ғана ақиқат əлемінде, ұғымдар мен жүйелер дегенді білмейтін таза саяси, əскери жəне экономикалық шешімдер əлемінде өмір сүреді.

Ілмектер: тағдыр, ақиқат, саясат, әскер, экономика, әлем Освальд Шпенглер

Қазір біз дүниеге тұтас жер шары тұрғысында емес, оның түкпір-түкпірге бөлінген бөлшектері тұрғысынан ойлаймыз. Мұны тек философтар мен тарихшылар ғана əлі күнге білмей жүр.

Ілмектер: дүние, философ, тарихшы Освальд Шпенглер

Үлкен пирамидалы храмдардың архитектурасын мылқау математика десе де болады.

Ілмектер: пирамида, храм, математика, архитектура, мылқау Освальд Шпенглер

Жыныс қатынасын өзіне-өзі көңіл толмаушылық немесе өзін біреуден артық санау сияқты дертті көңіл қажетіне пайдалану — барып тұрған ақымақтық жəне бейшаралық.

Ілмектер: көңіл толмаушылық, артық санау, дерт, көңіл, ақымақтық, бейшаралық Альфред Адлер

Адамның құтқарушысы — бірлестік сезімі мен əлеуметтік қызметтестік.

Ілмектер: адам, құтқарушы, сезім, әлеумет Альфред Адлер

Көңіл толмаушылық сезімі топтар мен ұлттарды өзін-өзі құрту құрдымына қарай итермелейді.

Ілмектер: Көңіл толмаушылық, сезім, топ, ұлт, құрдым Альфред Адлер

Адамзат жиі ойдан шығарылған бірдеңелерге қанағаттанып жүре береді: батылдық жетпеген жерде қиял озады.

Ілмектер: батылдық, қиял, адамзат, ой, қанағат Альфред Адлер

Бірлесіп қызмет істеуге ұмтылатын адам ешқашан да күйгелек болмайды.

Ілмектер: қызмет, күйгелектік Альфред Адлер