Ницшенің мақамында құранның əуеніне ұқсас бірдеңе бар. Ілмектер: құран, әуен, мақам Элиас Канетти Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ницшенің мақамында құранның əуеніне ұқсас бірдеңе бар.
Адам болу — бір мәселе. Адам боп қалу — қиын мәселе. Ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық — адамгершіліктің төрт құбыласы. Күшті адам – өзгелерді бағындыра алатын емес, өз-өзін ақиқатқа бағындыра алатын адам. Ал ақиқат дегеніміз: Аллаһ сөзі — Құран, оның шынайы мән-мағынасы, ғылыми дәлелі жоқ жалған сөздер емес. Ақиқат үшін күрес — дінді ғылыммен, ғылымды дінмен дәлелдеу жолындағы мәңгілік зерттеу. Өмір — сынақ жүргізетін зертхана. — Нарша Булгакбаев Адам, мәселе
Баланың у-шуына жетер дүниеде не бар? Одан өткен сазды әуенді табу мүмкін бе? — Бауыржан Момышұлы бала, әуен
Адам жанының, өмірдің мәңгілік екенін білетін шығарсыз, білуіңіз керек, себебі бұл өте маңызды, сонда адам жаны өлімнен қорықпайтын болады, күйзеліске ұшырамайды. Сондықтан Құран әрдайым өлімді еске алуға кеңес береді. Ертең өлетіндей өмір сүрсеңіз, мәңгілік өлмейтініңізге сеніңіз. Дегенмен тән – табиғат заңдылығына сәйкес өлімнен әрдайым қорқады. Қорықпаймын деу екіжүзділіктің белгісі. Адам өлімнің мәнін және одан шын қорықпауды – Алланы, қиямет күнін, қайта тірілуді, күннің астында ұзақ жылдар тұруды, қорқынышты сотты, қыл көпірді және ақыретті (жаннат пен тозақ) жиі еске алу арқылы үйренеді және бұл әсіресе намаз оқу процесінде орын алуы керек. Пайдалы болсын, зиянды болсын белгілі бір сенімге негізделген сөздерді қайта-қайта еске алу немесе басқа адамның есіне салу бұл сіздің болашағыңызды қалыптастыратын тағдыр және басқалардың жан дүниесіне әсер қалдыратын із. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, құран
Құранның даусы шықса, ажалы келіп қалғандай, бастарына жабатын бірдеңе іздеп абыр-сабыр күй кешетін адамдар әлі бар ортамызда. Құран-Кәрім тірілерге ғана түскен деп, әруақтарға Құран оқыған дұрыс емес дейтіндер де бар. Шын мәнінде, Құран өлі тірінің рухани азығы. — Нұрхалық Абдырақын Құран, нақыл
Бабы мен бағы бұққан тұяқ та бір – ойға суарылмаған әуен мен әуез де бір: нені айту бір пара, қалай айту бір пара, кімге айту, қашан айту бір пара. — Асқар Сүлейменов әуен, әуез
Сабыр, есеп керек, өмір әуеніне үйлесе білу керек. — Ғабиден Мұстафин Сабыр, есеп
Әр адамның көңiл түбiнде сылдырмақ бар, егер оған тиiп кетсек, адам өзiндегi ең жақсы әуенмен сыңғырлай жөнеледi. — Максим Горький көңіл, әуен
Құран түсінсең кешпейсің баз. Тағдыр — тәрбие, Алла — ұстаз. — Нарша Булгакбаев құран, тағдыр
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі