Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.

Ілмектер: ұстаз, бала, нақыл, афоризм Абай Құнанбайұлы

Сіз елім маған не істей алады деп сұрамаңыз, еліме мен не істей алар екенмін деп толғаныңыз.

Ілмектер: ел, нақыл, афоризм Джон Кеннеди

Ақиқатқа сын жағады, себебі жеңісіне сеп болады; жалған сыннан қорқады, өйткені жеңілуіне сеп болады.

Ілмектер: сынау, сын, критика, ақиқат, жалған, шындық, өтірік Дени Дидро

Инабатты болса – әйел көрікті,
Ақ сақал жарасса – шал көрікті,
Сүйікті болса – ағайын көрікті.

Ілмектер: инабат, көрік, ағайын Қорқыт ата

«Қазақ» сөзі әскери термин ретінде қолданылып, ержүрек, батыл деген мәнді білдіреді.

Ілмектер: қазақ, термин, әскер, ержүрек, батыл Шоқан Уәлиханов

Тұранда Түркі ойнаған ұқсап отқа,
Түркіден басқа от боп жан туған ба?
Көп түркі енші алып тарағанда,
Қазаққа қара шаңырақ қалған жоқпа.

Ілмектер: қазақ, нақыл, афоризм Мағжан Жұмабаев

Адамның түзу жолға түсуінің бірінші шарты — өзін-өзі тексеру, өз қатесін көре білу, келешекте сол қателікке жол бермеуге ұмтылу.

Ілмектер: қателік, нақыл, афоризм Мағжан Жұмабаев

Суытпа босқа түсіңді
Қайрама онша тісіңді.
Сырт тазасы не керек,
Тазарт әуел ішіңді.

Ілмектер: тазалық, нақыл Үмбетей Жырау

Өзіңнің ата-бабаларының даңқыменен мақтану өте маңызды ғана емес, солай болуға тиісті де.

Ілмектер: ата-баба, мақтаныш, даңқ Александр Пушкин

Қазақтың болашағы аухаттылардың байлығыменен емес, даналардың барлығыменен есептеледі.

Ілмектер: қазақ, дана, болашақ, байлық төле би

Оқушыны қасқыр көрген тазыдай қалтырат.

Ілмектер: Асқар Сүлейменов, оқушы, таз, қасқыр Асқар Сүлейменов

Хандар киген қамқа тон – шүберек болар тозған соң,
Жігіт жақсы бола алмас – алғаны жаман болған соң.

Ілмектер: Бұқар жырау, хан, жігіт, жаман, жақсы Бұқар жырау

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.

Ілмектер: Жүсіп Баласағұни, нақыл, афоризм, адам, басшы Жүсіп Баласағұни

Дені сау болудың жалғыз жолы ─ жегің келмейтінді жеу, ішкің келмейтінді ішу. Сонымен қоса істегің келмейтінді істеу.

Ілмектер: денсаулық, саулық Марк Твен

Адам өмірінің ең биік шыңы — жастық.

Ілмектер: өмір, адам, жастық, жастық шақ, шың Иоганн Вольфганг фон Гёте

Таңертең ойлан, талтүсте әрекет қыл, кешке тамақ іш, түнде ұйықта.

Ілмектер: түн, ұйқы Уильям Блейк

Әр адамның өмірінде бір рет болса да тағдыр тәлейі оның есігін қағады, бірақ ол кезде адам жақын маңдағы сыраханада отырған болуы мүмкін, сол себепті ешқандай тақылды естімейді.

Ілмектер: Өмір, бақ, тағдыр, жолы болу, сәті түсу, ісі оңбау, жолы болмау Марк Твен

Әрқашан ең қиын жолға түсіңіз ─ ол жолда бәсекелестеріңізді жолықтырмайсыз.

Ілмектер: Бәсеке, қиын, жол, бәсекелестік Шарль де Голль

Өлімнен емес, өмірді зая өткізуден қорқу керек.

Ілмектер: өлім, Өмір, бос, бекер, мәнсіз, пайдасы жоқ, пайдасыз Бертольд Брехт

Денсаулығың бар кезде жүгірмесең, аурушаң болғанда жүгіруіңе тура келеді.

Ілмектер: денсаулық, жүгіру, алдын алу, сақтық, сақтану, саулық, амандық, есендік, салауатты өмір Гораций