Күн бесіндікке келген кезде Көркемтайдың ауылы астан-кестен болды: кемсеңдеп кемпір-шал жылады; қанын тартып сұрланып, сең соққан балықтай мең-зең болып жастар тұрды.
Колхоз басқармасының бастығы Күлзайра дейтін әйел, қара, бөкебайды басына тұмшалап орап тымырайып отыратын адам. Сирек сөйлейді. Сөйлегенде дауысы зілді, ашық шығады.
Қаракөлдің тақырында қотанданған қой жатыр. Қой шегінде, жалба-жұлба шекпенін бүркеніп көлеңкелеп, ерні кезеріп Құлнияз отыр. Күн тал түс. Жанды қуырған ыстық. Жел екпіні денеге от...
Октябрьдің сұр бұлты түйдек-түйдек шығып, аспан жүзінде салбырап төніп, дүниені қараңғылықпен қаптап жіберетіндей терістен соққан ызғарлы желі денеге де салқын тиіп, жамаулы киімді...
Ымырт жабылған шамада бір кішірек ауылға келдік. Ауылдың маңайы басын қоян мүжіп бақартып тастаған, қалың күртіктен әр жерде бір тырбиып сирек шырпы қатарлап соққан аққала. Екі-екі...
— Жақсылық-ау, шөпті екеуміз бірігіп шапсақ қайтеді? Сеңде бір пар өгіз бар, менде ана тай өгіз бар, салқам арбаларды құрастырып тасып алармыз, — деп Мергенбай Жақсылықтың жанына т...
Мырзалық үйіне кейіп қайтты. Кейіп келе жатқан Мырзалықты есік алдына иірілген қар суы одан жаман кейітті: қанасынан асқан су табалдырықты аттап өтіп, лапастың ішін көлкітіпті. Суд...
"Медет Дайрабаевқа" деген жазуы бар конвертті Медет қолына ұстап, сыртындағы жазуына сәл көз салып отырды да, ішіндегі бүктеулі хатты алып, жайып салып оқуға кірісті, бұл хатты бұд...
Берекең ауылында жиылыс болады деген соң, Тасберген сопы, Белденбоқ молда, Итаяқ би үшеуі басын қосып шыға қалды. Берекең ауылы Ұзыншырпыда, өзенмен екі арасы 10 шақты шақырым жер....
Айт күні менің үйімде әлде нәрселер туады. Ертерек кезде "Айт" күні болғанда бір түрлі қуаныш көңілмен қарсы алған секілденуші едім, берірек келген соң "Айт" күні қуануды қойып, тү...
...Боқбасар мен Имаш он күндей жол жүріп, арып-ашып, табандары тесіліп, ауылға зорға жетті. Осы бір айдың ішінде Боқбасардың басынан мың түрлі жұмыс өткен сияқты болды. Боқбасар бұ...
... Көптен сақтаулы сыр еді. Ескірген бір жыл еді. Ел талқысына салып, әлеумет сынына берейін десем де, кезі келмей жүреді. Бүгін Толқынай бәйбішенің қарғысын естіген соң, сыр ақта...
Аспан жүзін қаптаған күзгі сұр бұлт оқтын-оқтын қабағын түйгендей тұнжырап, себелеп бүркіп-бүркіп алады. Ысқырған ексімді жел арбиған қу қаңбақты домалатып, ескі апандарға, сай жыр...
...Біз үйге кіріп келгенде, сары самаурынды ортаға алып, төрт-бес кісі шайға бас қойып жатыр екен. Ат жақты келген, шүңірек көзді қара кемпір күпісін жамылып, ыстық шайға нанды мал...
Ыбырай қызын ұзатайын деп жатыр деген соң тойына бардық. Айымкүл өзі теңдес қыздардың ішіндегі көрікті, ақылды, салмақтысы еді. Елдегі боз балалардың ішінде Айымкүлге көңілі кеткен...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі