Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (28) Өлеңдер (25) Мақал-мәтелдер (50) Ұлағатты сөздер (12) Әзіл, анекдоттар (2)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Ағаш" туралы Әзіл, анекдоттар

"Ағаш" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар.

Екі жігіт әңгімесінен:
— Білесің бе, ер жігіттің бірінші — ұлы болу керек, екіншіден — үй салу керек, үшіншіден — ағаш отырғызу керек. Сен болсаң, әлі жүрсің.
— Жоғары жақтан көмек болмай тұр.
— Қалайша, қазір Үкімет балалы болғандарға қаржылай қолдау көрсетеді, үй салам дегендерге несие береді дегендей...
— Оны білем, бірақ ондағылар ағаш отырғызғысы келгендерге ешқандай көмек бермейді ғой...

Ілмектер: жігіт, ағаш, үй
WhatsApp Telegram

Қожанасыр жолда келе жатып жаңғақ ағашының астына көлеңкелеп отырады. Ағаштың маңында асқабақ бақшасы бар еді. Қожа: «Мына табиғаттың қызығын-ай асқабақтың сабағы кіп-кішкентай бірақ жемісі менің қапшығымдай үп-үлкен. Ал мына діңгегі қалың еңгезердей ағаштың жемісі болса есектің көзінен де кіп-кішкентай» деп іштей ойлайды. Ол осылай ойлап отырғанында басына тарс етіп бір жаңғақ түседі. Шекесі қызарып қалған қожа жаңғаққа бір, асқабаққа бір қарап: «Тәубә, сөзімді кері алдым. Астында отырған мына ағаш асқабақ ағашы болғанда қайтер едім» деген екен.

Ілмектер: Қожанасыр, ағаш, асқабақ, жаңғақ
WhatsApp Telegram