Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы
Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы,
Жігітті жібермейді малдың азы.
Әркім-ақ жамандыққа көңіл берді,
Тыятын болмаған соң мықты қазы.
Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы,
Жігітті жібермейді малдың азы.
Әркім-ақ жамандыққа көңіл берді,
Тыятын болмаған соң мықты қазы.
Жалғанда таппай бiр жар жалғыз жүрдім,
Кез болмай мен иеме далаға үрдім.
Айтқанмен көп соқырға кім нанады,
Дегенмен жұрт көрмеген бiр iс көрдім.
Тiрлiк пен денсаулықта – баста бағым,
Онан соңғы дәулетім – тiл мен жағым.
Құдай берген он екi мүшелерім ,
Өз өнерім өзіме–алтын тағым.
Көшпелі болған жұрттың шаруасы бар,
Сарт, ноғай жан сақтайды саудасы бар.
Жезқұйрық жапалақпен жемтіктес боп,
Сұрайтын бір-бірінен сауғасы бар.
Сорқара. Сортың бар ма?
Сүрлеп жайған етің бар ма?
Көнек, Толағайың бар ма?
Көнекте тұрған қымызың бар ма ?! -
Өтірік өлең айттым да, қызға жақтым,
Кұмырсқаның асауын қойдай бақтым.
Асауын шегірткенің ұстап мініп,
Тау-таудан тарбаңдатып түлкі қақтым.
Қайран да, қайран, қайран тау,
Тиюші еді пайдаң тау.
Пайдасының белгісі -
Үйімде тұрған үлгісі.
Қара бір таудың жылғасы,
Халқының бағлан құлжасы,
Сүйіндіктің ағасы,
Алтыннан салған сырғасы,
Күдері белбеу белімде,
Азалы болдым елімде
Бопекем жарлық берген соң,
Жүре бердім жөніме.
Әуелі, Құдай, сен оңда,
Сен оңдасаң, біз мұнда!
Тілегеп тілек және бер,
Қас бедеуге бала бер!
Басында қу ағаштың тақияң тұр,
Ақ күміс, адыра қалғыр, жарқырап тұр!
Келмесең сол барғаннан, жалғызым-ай,
Артыңда қалған апаң аңырап тұр.
Боз інген боздап тұр-ау ботасына,
«Қонағым қыдыр болған» - жатасың ба?
Қыдыр болған кісіге қыдыр-дағы
Мен сиейін қонақтың батасына!
Айтамын Құдайдан соң Мұхаммедті,
Сібірде көкжал салды көк жендетті.
Тоғыз түлек болғанда, топ қазды алып,
Қазасы көкжендеттің иттен жетті.
Дүние, ойлай берсем, жалған дейдi,
Әркім дi әлекке тек салған дейдi.
Дүниенi өле-өлгенше қуып-қуып,
Ауызы аңқиып [құр босқа] қалған дейдi.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі