Ана
Ана деген өмірдің бір бөлшегі,
Ешқашанда ұмытпайды ол сені.
Жан анаңды жақсы көру бір бөлек,
Шексіз оған сезіміңнің өлшемі.
Қысқа кілт сөз(ілмек) жазып, "іздеу" батырмасын басыңыз, сол сөзге байланысты мәліметтер шығады, мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге(ілмек) байланысты мәліметтер:
Өтсе де күн, есімің ескерілер,
Ұрпағыңның жадынан өшпедіңдер.
Соғыс жылғы Аналар, өйткені, рас,
Болмысы асқақ, өзгеше, басқа едіңдер!
Жеткізіп арманға жол күні бүгін,
Бақ құшты қызың менен бүгін ұлың.
Болғанмен бар болмысың қарапайым,
Байқалып тұрады, ана, ұлылығың!
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым - сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.
Әйел сенің жан жарың,
Әйел ана!
Әйел үйдің ұйтқысы, әйел пана.
Мықты еркектің артында, мықты жан тұр,
Төрт әйел бар бұл ғаламда лайық болар құрметке
Төртеуін де қадір тұтып, көңілдерін кірлетпе!
"Болсын мейлі, бола берсін әдемілік әлемде"
Деп айтпаған Мұқағали әйел жайлы құр текке.
Сен өмірге келген сонау шақтарда,
Сәби сәуле ұласқанда ақ таңға.
Мына әлемнің падишасы секілді
Жөргегіңде сен нұрланып жатқанда,
Қайтейін, шеше, қайтейін!
Белгілі сізге, белгілі күзге жай күйім.
Жанарың жаста, қабағың әжім, қатулы,
Өмірің анау, өмірім мынау, әй, қиын!
Сағынамын, терезеге қараймын,
Астананың шығысында арай мұң.
Жан анашым, құшағыңдай кең емес,
Кеңістігі зәулім-зәулім сарайдың.
Томпайып бейіт қалды белең қырда,
Мұра қып қолау құба көбеңді ұлға.
Білген жоқ бірақ ана сол ұлының,
Боларын құмар өрен өлең-жырға.
Алтын күнім, жарқын нұрым, жұмағым,
Сарқылмайтын, балдай тәтті бұлағым.
Ұрпагғыңа деп арнаған ғұмырың
Ұзақ болсын-Тәңірімнен сұрарым.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі